Балтабай Әділ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әділ Балтабай (01.05.1949 жы Қарақалпақстан, Мойнақ ауданы, «Әли ауыл» поселкесі - 2009 жыл, Алматы) - ақын, журналист.

  • 1973 жылы Хожелі педагогика училищесін бітіріп, көп жылдар мұғалім болып қызмет етті.
  • Кейін Қазақ мемлекеттік университетін сырттай оқып бітірді. Мамандығы — филолог.
  • 1993 жылы ата жұртқа көшіп келіп, республикалық «Ұлан» газетінде әдебиет және өнер бөлімін басқарған.
  • «Мөлдір бұлақ» балалар журналында қызмет еткен.

Шығармалары

  • Балаларға арналған «Атамның жұлдызы» (1981)
  • «Алданыш» (1984)
  • «Інімнің өкпесі» (1996)
  • «Тырналар келе жатыр» (1994) (соңғы екеуі қарақалпақ тілінде) кітаптары жарық көрген. Бұдан басқа
  • «Күздің бірінші күні» (2003)
  • «Әулиелер мен ғұламалар елі» (2004)
  • «33 мысал» (2007)
  • «Қызғылықты қылықтар» (2007) атты кітаптары шықты.

Жетістіктері

  • Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгенің үш дүркін жүлдегері.
  • Қазақстан журналистер одағы С.Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}