Балсұлу Әділбекқызы Қондыбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:37, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Балсұлу Әділбекқызы Қондыбаева (1955 жыл, қазіргі Құрық қаласы) – педагог, ҚР «Білім беру ісінің үздігі».

  • М.Мәметова атындағы қыздар педагогика училищесін (1974)
  • ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1980)
  • 1974 жылдан Маңғыстау ауданының музыка мектебінде мұғалім,аудандық оқу бөлімінде әдіскер, облыстық білім басқармасында бас маман болды.
  • 2003 жылдан облыстық ғылыми-әдістемелік орталықта директор.
  • Облыста музыка пәнінен «Аманат» бағдарламасын жасақтап, облыс мектептері 1996 – 2003 жылдары осы бағдарламамен жұмыс жасады. Осы бағдарлама бойынша мұғалімдерге арнап бірнеше әдістемелік құралдар жасақтаған.
  • «Музыка» пәнінен 7-сыныпқа арналған оқулықтың (2001) авторы.
  • «Жыр әнім менің – Маңғыстау» атты әндер жинағын (2003), маңғыстаулық А. Ербозова, Р.Еңсегенов, Қ.Тұрмағанбетовтердің әндері мен күйлерінің жинағын (2004), түпқарағандық Т.Қожабеков, И.Әбілқайыровтың өлең мен әндер жинағын (2005), бейнеулік үш арыс У.Қайралапов, Қ.Жылқыбаев, Ә.Жаманбаевтардың өлеңдер жинағын (2006) дайындап шығарды.
  • 2 дүркін Бүкілодақтық фестивальдың лауреаты
  • ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен (1993, 1994, 1997) марапатталған. <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}