Балканизация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:55, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Balkans Animation 1800-2008.gif
Political fragmentation of the Balkans

Балканизация, БалқантануБалқан түбегін қоныстанған халықтың тілін, әдебиетін, тарихын, жағдайын, саяси өмірін зерттейтін ғылыми пәндердің жиынтығы. Балқантану мәселелері XIX ғасырда серб географы И.Цвийгтың, Чехия тарихшысы К.Ирегектің, неміс лингвистері Г.Вейганд пен Г.Мейердің, даниялық лингвист ғалым К.Сандфельдтің еңбектерінде қарастырылып, жанжақты зерттеле бастады. XX ғасырдың ірі Балқантанушы ғалымдары Хорват П.Скок, орыс А.М.Семещев, даниялық Х.Педерсон, австриялық Н. Йокль, румындық Т. Капидан болды. Бастапқы кезде Балқантану тек лингвистика және мәденит-тарихи салаларды ғана қамтып, балқан халықтарының тілдері мен мәдениеттеріндегі ортақ құбылыстарды: фольклорлық нақыштардың орталығын (эпостағы, ертегі) музыка мәдгі, қолөнердегі, киім-кешектегі және бірқатар көне салт-дәстүрлердегі ұқсастықтарды зерттеуді мақсат етті. Уақыт өте келе Балкантану шығыстану, славянтану, түркітану ғылым салалары сияқты жеке пән ретінде қалыптасып, гуманитарлық ғылымдардың басқа да салаларына тарала бастады. 1963 ж. Балқантануға арналған Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін зерттеу жөніндегі халықтар қауымдастығы құрылды. Балқан түбегіндегі бірқатар елдерде Балқантану ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Олар: Болгариядағы Балканистика институты, Румыниядағы Оңүстік Шығыс Еуропалық зерттеулер институты және т.б. қайта құрылып қазіргі кезде Р.Ф. ғылым академиясының жанында Славянтану және балканистика институты (1968) жұмыс істеуде. Балқантану саласы бойынша материалдар "Etudes Babcanigues" (Sofia, 1964), "Revue des Etudies Sud-EST-Europeennes" (Buc., 1963), Balkan Studies" (The Scalanike, 1960) сияқты жұрналдарда жарияланады. Ұмыт бола бастаған Балқантану мәселелері XX ғасырдың 90 ж. күн тәртібіне қайта қойылды. Қазақстанда Балқантану қалыптаспаған, көне кезеңдегі түркі және Балқан халықтары арасындағы байланыстар жөнінде кейбір ізденістер нышаны ғана бар.

Әдебиет

  • Миллер А.Ф. Балканистика: проблемы и перспективы (Конгресс в Софии) // Вестник АН КСРО, 1966, №12.
  • <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балканизация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}