Баланың екінші есімге ие болуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:00, 2012 ж. тамыздың 12 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Баланың екінші есімге ие болуы - баланың лақап ат иеленуі. Ежелгі дүниетанымда баланың аты-жөні оның жанымен тікелей байланыста деп түсіндірілген. Егер оның ныспысын қаской күштер біліп қойса, оны дуалауы мүмкін деген ұғым болған. Баланың азан шақырып қойған атын айтпай, оны еркелетіп басқаша атау қалыптасқан. Мысалы, Абай - Ибраһим, Қабанбай - Ерасыл, Шоқан - Мұхаммедқанафия, Мұқағали - Мұхаммедқали т.б. Бала ержеткен күннің өзінде, оған өзгеше лақап аттар тағылатын болған. Басқаша айтқанда, ол кәмелеттік сынақтан өтіп, «алғашқы ерлігін» жасап, жұрттың көзіне түскенде оған «титул» ат таңылатын. Мәселен, Әбілмансұр - Сабалақ деген есіммен ержетеді де, жекпе-жекте Шарышты өлтірген соң Абылай деген мәртебелі есім қойылады.

Көбінесе бала «өтпелі кезеңдерде» (іште, шілдехана, қырқынан шығу қарсаңында, сүндет) тұрғанда сырт көзден оқшаулап, оның атын, жынысын жасырып, тұспал сөздермен жеткізеді. Үлкен адамдардың ішінде баласы бар жас келіншектің қалпын тура айтпай, «ішінде өкпесі бар», «бойында тікені бар» деп тұспалдап сөйлейтін әдеті, сәбиді «шикі өкпе», «тұя», «күл шашар», «төре» деп тергеу салты да осы негізде туған. Ұл бала туса - «құрық ұстар» (шырақ жағар), қыз бала туса - «кесте тігер» (ат байлар) деп ишарамен жеткізіп, жыныстық белгісін тура айтпайтын болған.

Адам қайтыс болганда оның шын атын айтып, жаназасын шығарады. Яғни пәни дүниеде адам жалған аттарымен жүреді де, бақилық болғанда алғашқы өмірге келгенде қойылған шын атымен аттанатын болған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баланың екінші есімге ие болуы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}