Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Байсақал керуенбасы (би)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

17:55, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Байсақал керуенбасы (би)

Байсақал керуенбасы (би) XVIII ғасырмен XIX ғасырдың басыда есімі біраз жерге жайылған. Шамамен 1770-1780 жылы туылып 1850-1851 жылдары қайтыс болған Байсақал Тілекеұлының арғы бабасы Өтетілеу би Қасқаұлы 1738 жылдың 3 тамызында патша өқілі Татищев мырзаға ант берген билердің бірі. Тілеке Өтетілеуұлы әрі би, әрі батыр болған кісі екен. Ол хан сұлтандар мен қатар Ресей генерал-губенаторларымен сыйластықта болыпты.
1803-05 жылдардағы мұрағат құжаттарында Бұхара мен Тоцкий арасында сауда жасап, керуендердің аман-сау оралуын басқаратын ағайынды Көбек, Ақсақал, Байсақал екені айтылған. Олар сонымен қатар өздеріне қарасты Жаппастың (ру) 6 бөлімдерідегі 7200 шаңыраққа билік жасайтыны нақты жазылған.
Өтетілеу, Тілеке, Байсақал, оны баласы Ахмет жайында «Қазақ тарихының материалдары» Илья Казанцевтың Санкт-Петербугте 1867 жылы шыққан «Описание Киргиз-Кайсаков» атты еңбегінде және «Казахско-русские отношения в XVIII - XIX веках» кітабында, Қазақстан мемлекеттік мұрағатының №4, №383, №384 қорларында тағы басқа құжаттарда сақталынған.

Дереккөздер

  • Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов: Алматы, 2012. - 208б.
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998