Байлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

  1. Байлау - босағаға адам қолынан қаза бол5ан кісінің құнын малмен өтеу жосынның атауы.

Қазақ халқының әдеттік құқығында кісі құны малмен өлшенген, мысалы ер адамның 0ұны 1000 қой немесе 100 жылқы немесе 50 түйе болса, әйелдің құны соның жартысына тең бол5ан. Адам құны ретінде босағаға мал Байлау туралы мына деректер назар аудартады: «...ертеде Өскенбайдың тұсында Тобықты руының Көкше деп аталатын тармағынан шыққан бір жігіт барымтада Керейдің бір жігітін өлтіреді. Көкше жағынан билікті Бопы жүргізеді, ал Керейлер Найманның ішіндегі Садыр деп аталатын тармағынан шыққан Ақтайлақ биге жүгінеді. Ақтайлақ би Бопының пара алғанды5ын естиді... Өскенбай: «Билікті кім айтады?» дегенде, Ақтайлақ Бопыға қарап: «Сен баста, Бопы би, ақсүйек төресің ғой», - дейді. Сонда Бопы бидің «Керей Тобықтыдан төрт кісі күмән ұстасын» деген шешіміне Керейден шыққан Биболат би риза болмай: «Ақтайлақ сөйлесін, Ақтайлақтың қандай шешіміне де риза боламын», - деген екен. Сонда Ақтайлақ былай дейді: «Биболат, өзің адал болсаң, Тәңірдің өзі саған жақтасар, некесізден би қойсаң, екі көзін парадан айырмас, Бопыеке-ау, көңіліңде иманың болса, әділдігін айт, менің шешімім жүз түйе құн кесемін», - деген екен. Бопы би Ақтайлақтың «некесізден би қойсаң» деп отырғаны «төрені - құл, қожаны - сарт» дегені ғой деп ашуланып қалады. Сонда Ақтайлақ би: «Ер құнын параға сатып отырған Бопы, сен түбінде оңбассың, ертеңгі күні ұл ержетер, қыз бойжетер, өлген кісінің құнын төлемей құнсыз жіберсең, ұрпақ арасында кек қалар» дегенге келтіріп жырлай ж-неледі. «Менің шешімім: «ер жігіттің құны екі елумен жүз түйе байладым, Керейдің алдына елу түйе салынсын, онын Өскенбайдың, оның Бопының, оның осы отырған билердің, оның Көкшенің, оның Найманның шаңырағына байладым», - деп кесіп айтады. Сол кезден бастап Ақтайлақ бидің аталы сөздері ұрпаққа нұсқа боп қалыпты». Байлау өлген кісінің малмен өтелетін құнының шартты метафоралық образдық атауы болып табылады<ref> Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984\Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведении М.О.Ауэзова). Алма-Ата, 1989</ref>.

  1. Байлау/ Түю - шаруашылықта, қолөнерде және күнделікті тұрмыста қолданылатын жіпті, арқанды түю, байлау, бекіту тәсілдері.

Қазақы ортада көшпелі шаруашылық пен болмыстың ерекшеліктеріне байланысты байлап-түюдің бірнеше түрлері бар:

  • күрмеу
  • қазықбау шалу (қалмақша байлау)
  • тұзақтап байлау
  • тиектеп байлау
  • откермелеп байлау
  • шалып байлау
  • орап байлау
  • шанду
  • шырмалап байлау
  • орау
  • жалақ түю
  • шорт түю немесе шиелеп байлау (қатын шалу деп те аталады) және т.б.

Шаруашылықта ең жиі қолданылатын, әрі берік, әрі шешуге қолайлы, малды қылғынып қалудан сақтайтын байлау түрі – ‘’’күрмеп байлау’’’. Байлаудың бұл түрі XIII ғ.-да Еуропаға қоныстанған құман-қыпшақтар арқылы «құманша (қыпшақша) байлау» деген атпен тарап, кейін Америка ковбойларының арасында да кең өріс алып, қолданысқа ие болған.

Байлаудың бірінші сатысы - шалу. Жіп байланатын заттың, жіптің (арқанның) екінші ұшына қарама-қарсы бағытта бір орап, жіп ұшын ораудың астыңғы жағынан шығарып тұйықтау. Шалып байлау әдісі уықтарды, бауларды, таңғыштарды байлап бекітуде және буып-түюдің барлық түрінде пайдаланылады.

Шорт байлау - жіп ұштарын біріне-бірін айқастырып шалып алып (оң қолдағы ұшын сол қолдағы ұшының үстіне салып, оны үстінен астына қарай орап), сол және оң екі ұшын екі қолмен ұстап, қатты тартып байлау. Егер бұл арқан, жіпті жалғау үшін жасалатын болса, үш жағынан аз ғана шығарып, түп жақ ұшын қатты тартып, байлаудың түйіншегі бекітіледі. Қайта шешілетін етіп байлау үшін ұзын шалудан шығарып алмай бүктеп, ұшының ілмегін шығарып, үш қалдырылады. Шешкенде ілмектің ұшынан тартса шешіледі. Ілмектеу жіпті шалған тұйығынан бір ұшын тұйықтап тарту. Ілмектеу оңай шешілу үшін қолданылады.

Қазықбау шалып байлау (қалмақ шалу деп те аталады) ат әбзелдерін байлауда жиі қолданылады. Қазықбау шалу қазыққа арқан ұшын бір шалып, екінші рет осы шалу жіп ұшының бағыты бойынша тағы бір рет шалынып, ұзын арқанның түп жағына қарама-қарсы бағытта шалынған жердей айқастырып шығарылады. Қазықбау шалынған арқан ұшы қатты тартылады. Оңай шешу үшін арқан түбінің үстінен астына қарай айналдырғандағы шыққан түйық шеңбер ішінен жіпті ұзын бүктеп тартып шығарып алып ілмектейді. Бірақ бұл байлаудың ұшы оңай сусиды, сондықтан, арқанның түп қазықбау шалынғаннан асқан ұшы жағынан қайта шалып ілмектеп тартып, шығарылған ілмек ұшын қазықбаудың түбіне тақап, қатты тарту керек. Шешерде ілмектің ұшынан тартып шешеді <ref>Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005</ref>. Түйіп байлау арқанның (жіптің) екі ұшын теңеп, осы үшты арқанның өзінен бір шалып шығарып қатты тарту арқылы екі арқанды немесе жіпті бір-біріне жалғап тұйықтау.

Күрмеп байлау жіптің, арқанның ұшын оң қолдың саусақтарымен ұстап тұрып арқанның жалғасын осы саусақтарды кең бір орап, бас бармақ үстіне әкелгеннен кейін орам тағы бір рет қайталанады, осы тұйық орамды астыңғы саусақтармен тартып тұрып, бас бармақты орамнан суырып алып, жіптің қысқа ұшын осы тұйыққа ілмектеп кіргізіп, ұзын ұшты тартады. Бұл байлау берік болады. Малдың мойнына тағатын арқан, жіптер осылай күрмеп байланады. Ат арқандағанда қазықбау шалып байлаумен қатар, осы байлауда қолданылады. Ілмектеп өткізіп шалып байлау арқан немесе жіп ұшын қайырып бүктеп ілмек шығарып алып, екінші арқан немесе жіп ұшын осы ілмектен өткізіп, оны осы ілмек жасап тұрған ұшты қабаттай орап шалып байлау, арқанның, жіптің екі жағын тартып, байламды беріктейді. Қазақ шеберлері шие болып қатып қалған түйінді шешу үшін киіктің, еліктің мүйізінен жасалған құрал - түйін шешкішті пайдаланған. Мал байлауға әртүрлі бау мен жіптерді пайдаланған. Олар кендірден, шудадан, қылдан, қайыстан есіледі.

Қайыстан өрім өру - өнерінің өте бір қызық әрі күрделі түрі. Бір таспадан бастап, жүз таспаға дейін, өрім өретін шеберлер болған <ref>Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007</ref>.

  1. Байлау/Қанжығаға байлау - ертедегі аңшылық дәстүрінде олжа бөлісу ғұрпы.

Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға байлау. Байлау қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін ежелгі аңшылық дәуірде қалыптасқан және бұлжытпай орындауға тиісті салттарының бірі. Бұрын бұл дәстүрді бұзған адам дәстүрлі тәртіпті бұзған адаммен бірдей саналған. Аңшы аңды алғанда өз арасындағы сыйлы, үлкен адамға немесе бөгде бір адам кездесіп қалса, олжасын сол адамға сыйға тартады, яғни аңды қанжығасына байлайды»<ref>Қазақтардың аң аулауы // ДУГ. 1895, №№2, 3</ref>. Аңшы олжасын кездейсоқ кезіккен бөтен адамға байлағанда, төрт пұшпағын кесіп алып жүре беруге тиіс. Аулаған аңының бір санын немесе тері-терсегін бірге жүрген жолдасына тарту етеді. Бұны сыралғы деп атайды. «Батырдан олжа, аңшыдан сыралғы» деген сөз мәні осыны айғақтайды. Анды тұтас сыйласа олжа байлау дейді. «Атқанның аңын жатқан байланар», «еркекті олжа, қатынды қалжа айырады» деген тұрақты тіркестер осы жоралғыдан шыққан. Аңшы аңын қанжығасына байлап қойған соң жолыққан жолаушы олжа сұраса, әбестік болады. Алғысы келіп қызықса, аңшы олжаны үйіне енгізген соң ғана жол-жорасын жасап, сұрауға болады. Аң терісін аңшы сойып болған соң кәделі адамға байлайды. Теріні қолға алып «үйірімен үш тоғыз» деп жерге үш дүркін ұрып, содан соң оң қанжығасына байлайды. Сыйды алған адам рақметін білдіріп, «қанжығаңыз майлана берсін» деп тілек айтады. Ауылға немесе қосқа қайтқан соң қасындағы адамдарға дастарқан жайып, сый-сияпат көрсетеді. Олжаны байлаған адам қарымтасын қайтаруға асықпайды, реті келген кезде ілтипатын білдіреді. Аң олжасы атам заманнан қауымға ортақ несібе саналады. Оны қызғанса, аңшы зауалға тап болады деп ырымдайды. Бұл наным жекеменшік қалыптаса қоймаған рулық қоғамнан қалған қалдық болса керек. Адамның алғашқы олжасы болса немесе үйретілген тазының не бапталған қыранның алғашқы алған аңы, яғни «тырнақалдысы» болса, яғни сол саят маусымындағы алғашқы олжасы «бауашары» болса, ол «байланбайды», ал жұрт оған «құтты болсын» айтатын болған. Аңшылықтағы ырым-тыйымдарға байланысты айталық, аң олжасы киелі, нысаналы (ақ түлкі, көкшулан қасқыр жәнет.б.) болса, оны да байламай аңшы өзінде қалдырады. Байлау ғұрпында қоян терісінің «құн сүймейтіндігіне» байланысты байлау салтында бәлендей мәнге ие емес. Сондықтан қоян аң олжасы ретінде байланбайды<ref>Қазақтардың аң аулауы // ДУГ. 1895, №№2, 3</ref>.

1895 жылы «Дала уәлаятының газетінде» жарияланған «Қазақтардың аң аулауы» атты мақалада қанжығаға байлау туралы: «Қазақтар аң аулағанды айрықша қызық көріп, аң аулаған мезгілінде әрбір жігіт өзінің батырлығын көрсетеді. Бұл себептен бұрынғы заманда қазақтар аңды күн көру үшін ауламайтын еді. Мұның мәнісі осы уақыттардың әдет рәсімінен байқалады<ref> Бабалық Ж.. Тұрдыбаев А. Қырандар. Алматы, 1983</ref>. Көбінесе аңға шықанда аңшының қасында қаншама кісілер болады. Егерде бір аңды атып алса, өздерінің рәсімдеріне қарай, қасындағы жолдастарының ең үлкеніне «байлайды», «құндыз атып алса жүн-терісін мергеннің өзі иеленеді, бауыр терісін жолдастары иеленеді», «аң аулауға алғаш рет шыққан мерген немесе жаңа мылтық сатып алған, жаңадан бапталған құс, жаңадан үйретілген тазымен шыққан аңшылар алған аңдарын біреуге байланыстан, ырым қылып өзі алады», - деп жазылған. Аталмыш жосын басқа да дәстүрлер сияқты көшпелі ортадағы әлеуметтік байланысты нығайтып отырудың тек көшпелі өмір салтына тән тетіктерінің бірі болды<ref>Төреханов Ә. Ит жүгіртіп, құс салған. Алматы: Қайнар, 1994</ref>;<ref> Бопайұлы Б. Қазақ кәдесі. Алматы: Қазақ университеті, 2003</ref>.

  1. Байлау - адамға әртүрлі жәндіктер мен хайуандардан болуы мүмкін зиянкестің «жолын кесу» мақсатында атқарылатын арбау рәсімінің атауы. Яғни әлгі зиянкестің иелерінің еркі мен қуатын байлау. Дәстүрлі ортадағы адамдардың ұғымында, мысалы, түкіру, топырақ шашу, аластау, айналу сияқты әрекеттердің магиялық қуаты қаншалықты күшті болса, байлау, түю әсері де соншалықты құдіретті саналған <ref>Aхатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. Алматы: Ғылым, 1974</ref>.

Мысалы, қара құртқа қарсы айтылатын: Мен түйдім, Жеті қабат мерт түйдім, Мұхаммед расул Aллa, Тура қара құрттың аузын байладым - деген сөздер осы зиянкес жәндіктің қуатын байлайды- мыс. Ертеректе мал қораға келмей далаға түнеп қалса, «қасқырдың жағын байлау» рәсімін жасау үшін «Түнемедегі маңыраманы аман сақта, Құдайым, ұлыманың аузын будым!» деген сөздерді айтып, қайшының аузын жіппен байлап, босағаның оң жақ керегесіне іліп қоятын ырым болған. Осы жерде магиялық қорғану мақсатында жіп байлау мен оның түйінін шешу арбау үрдісі кезінде орындалатын ырымдық іс-әрекетке жатады. Мұндай іс-әрекет арбаудың психологиялық әсерін күшейтуге бағытталды. Сондай-ақ халық арасында кеңінен танымал төмендегідей арбау сөздер міндетті түрде тиісті іс- әрекеттермен, мысалы зікір салу арқылы күшейтіліп отырған: Мерт байладым, шарт байладым, Тура жыланның аузын байладым, - деген <ref>Абылқасымов Б. Телқоңыр. Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры. Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993</ref>.

А.Е. Алекторовтың мәліметіне қарағанда Шығыс Қазақстан өңірінде өзінің асқан «жынымен» және зиянкестерді байлап тастайтын құдіретімен аты шыққан Шерубай]бақсы өзінің арбау сөздерін белгілі іс-әрекетпен мейлінше шебер байланыстыра білген. Мысалы, осы бақсы бедеу әйелді емдеу үшін төмендегідей арбау сөзін әлгі әйелдің белін арқанмен жеті рет буып тұрып айтқан екен: О, Шолағым қайдасың? Арқан ұшын шеше гөр. Белде жатқан көп дерттің, Түйіншегін шеше гөр. Бабай Түкті Шашты Әзіз, Күнәсі болса кеше гөр... Емдеу «сеансы» аяқталғанда белдегі арқанды шешіп ап, өртеп жіберген деседі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер