Базар Есұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базар Есұлы (19 ғ.) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, ақын. Ақмола өңірінде дүниеге келіп, қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қайтыс болған. Әліке батырмен бірге туған.

Әкесі — Ес батыр, шешесі — Мамай батырдың қарындасы. Көтерілісшілердің жеке қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындаған. Б. ақын айтты деген:

«Тасыма, жігіт, тасыма!
Күшігендей сақылдап,
Күлгенің не досыңа?
Жақсылыққа қуанып,
Жамандыққа жасыма.
Өле-өлгенше тұрмайды,
Жақсылық пен жамандық,
Бір кісінің басында», - деген өлең жолдары халық жадында сақталған.

Зираты Қарағанды облысы Теңіз ауданы Сарыөзен а-ның батысындағы Тікенекті қорымында.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}