Баданалы өсімдіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:33, 2016 ж. тамыздың 13 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Баданалы өсімдіктер – баданалары (жуашықтары) арқылы өсіп-өнетін лала гүлділер мен амариллистер тұқымдасына жататын өсімдіктер тобы. Баданалы өсімдіктер гүлдеп тұқым бергеннен кейін, баданалары жетіледі де, сабағы, жапырақтары қурап, тамырлары солып қалады. Күзге қарай, жаңбыр жауа бастаған кезде, баданаларында жаңа тамыр, гүл жебесі дами бастайды. Сол күйінде қыстай сақталып, жазғытұрым қар кетісімен жер бетіне өсіп шығады. Баданалы өсімдіктер (жуаның 108, қазжуаның 37, қызғалдақтың 32 түрі) Қазақстанның барлық жерінде өседі. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы жерлерінде, шалғындарда, орман алаңдарында жуа, қазжуа, лалагүл, қызғалдақ көп кездеседі. Сондай-ақ Баданалы өсімдіктердің көптеген түрі Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Лениногор, Бақанас, Ақтау қалаларындағы ботаникалық бақтарда өсіріледі. <ref>Балашев Н.Н., Земан Г.О., Овощеводство, Таш., 1972.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баданалы өсімдіктер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:أبصال الزينة hu:Hagyma (szerv)