Баб Ата күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:36, 2015 ж. тамыздың 13 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Баб Ата күмбезі - қазақ даласындағы шежірелі жерлердің бірі. Баба Ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделі дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы құлаған көне мазарының орныны ХІХ ғасырда жаңа күмбез салынды. Күмбез күйдірілген шаршы кірпіштен ортағасырлық үлгіде бой көтерген. Құрылыстың астыңғы негізгі бөлмелері төртбұрышты. Кесененің бас күмезі биік етіп тұрғызылған. Шағындау екінші күмбез де осы үлгіде қаланған. Баб Ата күмбезінде намаз оқитын үлкен бөлме, сағана, діни-рәсімдік, т.б. бөлмелер бар. Бөлмелер сыланып, әктеліп, өрнектелген. Күмбездердің ішкі жағы жазулармен көмкеріліп, өсімдік тектес өрнектермен безендірілген.


Дереккөздер

Қазақ Совет Энциклопедиясы