Аңыз күйлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аңыз күйлер, қазақтың ежелден келе жатқан аспаптық музыка жанры. Ол негізінен домбыра күйлері, қобыз күйлері, сыбызғы күйлері болып бөлінеді. Күйлердің мазмуны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref> Оларда халықтың басынан кешірген тауқыметі мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек бояуын тапты. Әуезов «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген мақаласында: «Күй аңызы әлі тексеріліп, ерекше жиналып зерттелмеген түрдің бірі. Бірақ қазақ халқының музыкалық фольклорын біліп, аңғарған адамның барлығына сыбызғы, қобыз, домбыра баян ететін көп күйлермен қатар, сол күйлердің ауызша айтылатын көркем, шебер әңгімесі болатыны мәлім» деп, күйді нотаға түсіргенде, тарихын да қоса жазып алуды жүктейді. Күйлер шартты түрде - аңыз күйлер, тарихи күйлер, арқау куйлері болып бөлінгенмен, олардың барлығының да белгісі - аңызға құрылған оқиғасы, шежіресі бар дегенді айта келіп, олардың қатарына «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Балжынкер», «Желмая», «Жорға аю», «Боз інген» т. б. көптеген күйлерді жатқызады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}