Ақыр заман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақыр заман, заманақыр — адам баласының және бүкіл әлемнің ең соңғы тағдыры туралы ерте замандардан бері қалыптасқан түсінік. Әділдік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың, жарық пен түнектің көрінбейтін, жасырын күресінен бастау алады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref> Жер бетінде имансыздық пен зұлымдық ниеттің басым күш алуы Ақыр заманды, яғни адамзат ұрпағының түгелдей апатқа ұшырау сәтін жақындатады-мыс. Ақыр заман туралы мұндай түсінік дүниедегі ірі діндердің (ислам, христиан, иудей т.б.) бәрінде де бар.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Мұсылман дінінде ақыр заман туралы ұғым құдайдан қорқу қағидасымен байланыстырылады. Аллатағала тек құдайдан қорқатын адамдарды ғана сүйеді. Ондай адамдар үрейлі сәттерде де, қуаныш-сүйініш кезінде де, қайғыда да бір құдайға табынады. Өз ашуларын көп сақтамай, басқалардың кінәсін тез кешіреді. Аллатағала тек жақсылық жасайтын адамдарды ғана сүйеді. Оларға ақыр заман кезінде жәрдем етеді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Қиямет Күні (арабша يوم القيامة‎‎ — Иәум әл-Қиямә) — ислам діні бойынша Ақыр заман дегенді білдіреді. Қиямет Күнге иман келтіру - иман тіректерінің бір, мұсылман ақидасының ажырамас бөлігі. Ақырет Күнi - адамдардың сый не жаза алу үшін және есепке тартылу үшін қайта тiрiлетiн күн. Оның бұлай аталуының себебі, өйткенi одан кейiн күн жоқ, ол – ақырғы күн. Яғни жәннаттықтар – өз мекенiне, тозақтықтар өз мекенiне қоныстанатын күн деген сөз.

Ақырет күніне иман келтіру үш нәрсені қамтиды:

1. Қайта тiрiлуге иман келтіру.

Яғни ол күнi екiншi рет Сұр үрленгенде өлiлер тiрiлiп, аяқ киiмсiз, жалаңаш, сүндетке отырғызылмаған күйде бүкiл әлемнiң Жаратушысының алдында тұрады. Аллаһ Тағала былай деген: Үлгі:Quotation

Қайта тiрiлу - Құран мен Сүннетте дәлелi келген, сондай-ақ бүкіл мұсылмандар бірауыздан келіскен хақ, ақиқат болып табылады.

Үлгі:Quotation

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деген: Үлгі:Quotation

Бұл - мұсылмандарда айтыс-тартысы жоқ шешiмдi мәселе. Ақырет күнiнiң болуы даналықтың сұранысы десек те болады. Өйткенi пайғамбарларының тiлiмен Аллаһтан мiндеттелеген бұйрықтарды орындаған, орындамағанына қарай, оларды сауапқа бөлейтiн немесе жазаға тартатын қайта тiрiлтетiн күн адамзатқа керек.

Аллаһ Тағала былай деді: Үлгі:Quotation

2. Есеп-қисап және сый мен жазаға иман келтіру

Әрбiр пенде iстеген амалына қарай есеп берiп, соған қарай сый не жазасын алады. Бұған Құран да, хадистер де, мұсылмандардың бірауызды келісімі де дәлелi болады. Аллаһ Тағала былай дейді: Үлгі:Quotation

Аллаһ Тағала былай деді: Үлгі:Quotation Тағы да Аллаһ былай айтқан: Үлгі:Quotation

Ибн Омардан риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһ Тағала мүмінді жақындатып, оған пердесiн қойып, оны жасырады. Сөйтiп: “Мына күнәнi бiлесiң бе? Ана күнәнi бiлесiң бе?” – дейдi. Ол “Иә, Раббым!” –дейдi. Ақыры оған күнәларын мойындатып, оның “Құрыдым ғой ендi” - дегенiн көргенде, Ол расында мен сол күнәларды саған дүниеде жасырдым. Ал бүгiн сен үшiн соларды кешiрдiм дейдi. Сөйтiп, оған жақсылықтарының кiтабы берiледi. Ал кәпiрлер мен екiжүздiлерге бүкiл халайықтың алдында: “Мыналар Раббыларына өтiрiк сөйлегендер, Аллаһтың лағынеті залымдарға жаусын!” – деп үш рет айтылады» (Бухари, Муслим).

Мұсылмандар есеп-қисаптың iстеген амалдарға қарай болатындығына бір ауыздан келіскен. Сондай-ақ, ол даналыққа да жатады. Өйткенi, Аллаһ кiтаптар түсiрiп, пайғамбарлар жiберiп, пенделерiне солар алып келген шариғатпен жүрудi парыз еттi. Егер де есеп-қисап болмағанда Дана Раббыға жараспайтын ерiккеннiң ермегi болар едi. Аллаһ Тағала Құранда осы мағынаға меңзеп былай деген: Үлгі:Quotation

3. Жәннат пен Тозаққа иман келтіру

Бұл екеуi адамзаттың мәңгiлiк қалатын орны. Жәннат - ол Аллаһтың сенудi мiндет еткен нәрселерiне сенiп, Аллаһқа шын ықыласпен ғибадат жасап, елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен жүрген тақуа мұсылмандарға арнайы дайындалған рахат орны. Ол жерде алуан түрлi рахат және ләззәт түрлерi бар. Хадисте былай айтылған: «Адамның көзі көрмеген, құлғы естiмеген, адамзаттың ойына келмеген жақсылықтар бар».

Аллаһ Тағала былай деді: Үлгі:Quotation Тағы да Аллаһ былай айтты: Үлгі:Quotation Ал Тозақ - ол Аллаһтың Өзiне қарсы келiп, пайғамбарларына бойұсынудан бас тартқан залым имансыздарға арнайы әзiрленген азап орны. Ол жерде алуан түрлi азап және адам баласының ойына келмеген қинау түрлерi бар. Бұл жөнiнде Аллаһ Тағала былай айтқан: Үлгі:Quotation Тағы да Аллаһ Тағала былай деген: Үлгі:Quotation Тағы да Аллаһ былай айтты: Үлгі:Quotation

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Islam-stub Мұхаммед ибн Салих әл-Усәймин "Иманның алты тірегі" {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}