Ақшаның айналысы және оның дамуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:58, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.

Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне суысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырып түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға оның бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің нәтижесінің мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құрамына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылған туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табиғат заттарда, поэзияларда кездеседі. Төлеудің көне Тром батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарды металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пукупин» (ақша) «пекуч» (мал) сөнімен шыққан «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атуы «руним» негізінде жатыр. Ежелгі Рустарда да ақша металл ақшаларға адысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз ерлерден и кун, старатылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынаны «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.

«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.

Солтүстік халықтары оң бірінші тауар тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдалануы. Жүн ақшалау Моңғолияда, Тибетте және Памирде кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, жазарлар мен, Византиямен сауда саттық жинауы барысында түн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгінгі болып саналды 1610ж. жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5400 руб. Күміс пен 35 000 теңге жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін ЯВ арасында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді.

Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен бір құлдық құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Кейін металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт сториллинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмау бірліктері атауымен аталады. Моноталардың пайдa болуы – ақшаның құралуындағы оқуға кезең болып табылады 1,2. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде. «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғолмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».

Ол аздай Т.Мор тағы былай деді «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда, ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».

ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудоп, Одон, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фильтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайданалуды ұсынды.

Осыған байланысты К.Маркс былай дейді ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмдік) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Ақша

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей – эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген». Ресей ХІХ ғ. 20-жылдарында алтын өндіруден бірікті орында болды. Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кезде адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. «Ақша - зат емес, ол – қоғамдық қатынас».

Ақша - өндіру мен болу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу
  • айырбас құнының дербес формасы,
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Қазір жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңілді.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы реттеуі пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдау жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қортындылау, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттың өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз, және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы, ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағынан мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде

Құның өлшемі қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Мұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызмет толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдық салмақтық санын ақыны бірлігіне бекітті. Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ал баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

Алтын, қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ. Ақша айналысы құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, ақша делдал рөлін атқарады, ол бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Айналыс құрамы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы,
  • оны идеалды ақшалар емес нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды,
  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалыр емес (алтын) оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мөлшеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады. Еге ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құжатсыздануын, яғни инфляцияға алып келеді.

Ақша төлем құралы

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмысы, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса онда бұл жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қыржы-несие қатынастарына да қызмет етуі.

Барлық ақшалай төлемдерді төлемдегідей етіп топтатуға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер
  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер,
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттемелер,
  • сақтандыру міндеттемелері,
  • әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Тауарға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны біреудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құрамы ретінде қызмет атқарады.

Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде

Ақшаның төлем және айналыс құрамы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі. Т-А-Т айналымының екі актілері. Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.

Капиталистік қоғамдық формадамға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар, несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды.

Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтық жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарда қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады. Өндірістік және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар, қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шарттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Дүниежүзілік ақша қызметі

Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді. Бұл қызметі бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейін нағыз ақшалар атқарады. 1967ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті. Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К.Маркстің айтуынша ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағам металл формасын киеді яғни жалпыға беру эквивалент формасына өтеді.<ref>Ақша, несие, банктері. Оқулық Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасимов – Алматы Экономика, 2001.</ref>

Ақша айналысы туралы ұғым

Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады.

Ақша белгілері әртүрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынттығымен қамтамасыз етілсе қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың қандай бағада атылатыны белгілі болған.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуы. Тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан жүреді.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызметі тек сату-сатып алумен шектелмейтін түсінеміз.

Ақша айналысын реттеудің элементі – қолма-қол ақшаның қолдану азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулары қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуін. Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайда түбірімен өзгертті.

Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырушыларының 25-27% - ды ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды болу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді.

Сондай-ақ:

  • өнімді өндіру және соту процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы,
  • тауарлы емес сипаттасы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы,
  • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, неше ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.<ref>Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы. Экономика, 2000.</ref>

Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналымы

Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Біреу ақшаның көп бөлігін салық, тарпа, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айыр пұл және т.е.е төлеуге жұмсайды.

Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінің клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің массасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылды. Олардың арасында кең тарағандары ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: туралы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы төне басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борыштық өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептеу жатады.

Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде,қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-бірне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналы аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржылық аударылуы – қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент-қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек сауда мен есеп айырысу үшін есептеу чектерін енгізумен шектелуде.

Эконмикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің тек 1,4 бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкалармен және т.е.е. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделденуге айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.<ref>Саниев М.С. Ақша, Несие. Банктер – Алматы: Алматы экономика және статистика институты. 2001.</ref>

Ақша айналысының заңы, массасы және ақша базасы

Ақшаның металдық теориясы

Бұл теориялық өкілдеріне капиталдық алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэр, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатты, себебі бұл теориялық пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М.Сперанский болып табылды. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХ ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы ХХғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы ХІХғ. екінші жартысында алтын – монета стандартының Германияда 1871-1879жж. енгізілуімен байланысты болуы.

Неміс экономистері (К.Кинс және т.б.) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын. Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездегі ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Нарру халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынды. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда. АҚШ-тың экспрезиденті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандартын қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағыналы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру-натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзгіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюының басты себебі, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болады.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы метталдық N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, оның ішінде мемлекетке деген сенім ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да форс – мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтының негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінде қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданылысынан кейін адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдық ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қаладан жасалған пластикалар, кейіннен екі жағында суреті бар, және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды.

Монета

Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтың құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі. Мемлекет сынаманы (пробаны), массасын, типін ремедмумды, эмиссиялау, ережесін және т.б. белгілейді. Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы реверс, кесіндісі-гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның коминалды құны құрамындағы металдық құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақшалар айналысы тарихында мынадай түсініктермелер бар:

Биметаллизм

Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады. Монометализм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

Қағаз ақшалар

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктері мен байланысты.

Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.з.д. І-е тән, яғни ол кездегі теріден тасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.

ХІІІғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын болса, оның кең тарады. ХVIIғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алады. 1690ж. Солтүстік Америкада, 1716 жылы Францияда, 1762 жылы Австрияда, 1795 жылы АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы Екатерина ІІ-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршаның бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны «катенька» деп атады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре бастады. Сырт көзбен қарағанда қағаз ақша толық құнды ақшаның мемлекет шығарған орынбасары сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде ол толық құнды ақша айналысының объективті заңдарына байланысты металл ақша айналысының процесінде ақшадағы көрсетілген құнының іс-жүзіндегі нақты құнынан ауытқуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекет осы объектив мүмкіндікті пайдаланып, тек қағаз ақша шығару мен және оның курсын (бағасын) белгілеумен шұғылданады. Қағаз ақша-кұн белгісінің ең бір нақтыланған ақырғы түрі.

Сөйтіп қағаз ақша (Үлгі:Lang-ru - өкіметтің қаулысымен қабылданған – "заңды ақша")- ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын табу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгілі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, салардың орнына пайда болды.

Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды. Айналыстан тыс қағаз ақша-керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа қызмет өтсе, ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көрсеткен құны қағаз ақшаның осы елдің өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді. Әлбетте мемлекет қағаз ақшаға кез келген құнды көрсетіп, шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін. Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталды. Айналысқа түскен құн белгілері ақша айналысы заңына бағынады.

Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары)

Қаржы министрлік (қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмалы эмиссиялық табыс мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.

Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді:

  • Бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
  • әскери және басқа өндірістік емес шығындар еңбек өнімділігінің құндырады;
  • тауар массасының төмендеді;
  • пассивтік төлем балансы;
  • ақша шығаратын үкіметке сенімнің төмендеуі, т.б.

Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады. Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жолақына, зейнетақыны, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұжынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі нарықтай береді. Нәтижесінде халықтық әл-ауқаты нашарлайды.

Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын былай байқауға болады. Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе, бірінші кезекте тұжыттын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетақы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.

Жалпы қағаз ақшаның құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.

Ақша базасы

Айналыстағы ақшаның саны К.Маркстің айтқан ақша айналысының занымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:

Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-теңдікті белгіледі: PY = TV + DV’

Мұңдағы: Р – бағаның жалпы деңгейі;

Y - өндіріс көлемі;
T – ақша белгілерінің саны;
D – депозиттер;
V – V’ ақшаның және депозиттің айналыс жылдамдығы.

Ақшаның төлем құрамы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемін қысқарады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігін қарыз талаптары мен міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы табу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн, айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формалар мен беріледі.

А – төлем құралы және айнасы ретінде қажетті ақша саны,
Т – тауар бағасының сомасы;
Н – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;
Т - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Ө - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтері;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретіндегі айналымының орташа саны.

Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналды мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Т шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды, мұның себептері көп әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болды, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анқытайды.

Ақша массасының құрамы ол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады.

М, ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір, елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбритания – тек олар бойынша пайызбен есептемейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ-та сондай-ақ М-ге банктің емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда – 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.

М және М агрегаттарды анықтау барысында елдер арнасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М – ге М – мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді, АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі. АҚШ резиденттерінің еуро, долларларын Ұлыбританияда – чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М агрегатын және М – ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін мерзімді депозиттерді, массалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттің сертификаттарын. Германияда – жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда – мерзімді депозиттің сертификаттарды валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.

Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интосивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады.<ref>Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, 2003.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}