Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақтөбе облыстық қазақ драма театры"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Қойылымдар)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

13:23, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театры – мәдени және ойын-сауық мекемесі.

Ақтөбеде кезінде қазақ және орыс театрлары жұмыс істеді. Бірақ әр түрлі жағдайлармен жабылып қалып отырған. Орыс театры 1934 жылы ашылды. 1935 жылы теміржолшылар клубының драмалық үйірмесінің негізінде республикадағы тұңғыш жасөспірімдер театры болып ұйымдастырылған қазақ музыкалы драма театры. 1943 жылдан бастап театрда орыс және қазақ труппасы жұмыс істеді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Қойылымдар

Сахнасына әр жылдары М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”, “Қарақыпшақ Қобланды”, “Түнгі сарын”, С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, І.Жансүгіровтың “Кек”, Б.Майлиннің “Шұға”, Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері-Ақтоқты”, Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”, Ә.Тәжібаевтің “Жомарттың кілемі”, аударма пьесалардан Н.В. Гогольдің “Үйленуі”, Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі”, В.В. Вишневскийдің “Оптимистік трагедиясы” және У.А. Гаджибековтің “Аршин мал-алан” музыкалық комедиясы қойылды. Кезінде театр жаз айларында Атырау, Қостанай, Орал мен Ақтөбе облыстарының қазақ аудандарын аралап, спектакльдерін көрсетіп отырған. Театр 1948 жылы таратылды. Көп жылғы үзілістен кейін Ақтөбе облыстық қазақ драма театры 1992 жылы Т.Ахтановтың “Күшік күйеу” комедиясымен қайта ашылды. С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншек”, Е.Әлімжановтың “Тақ талас” комедиялары, Ә.Таразидің “Әлия”, Ж.Тілепбергеновтің “Перизат-Рамазан”, М.Әуезовтің “Айман-Шолпан”, Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” романы бойынша спектакльдер қойылды. Театр труппасы негізінен жас актерлерден жасақталған.

Театр Әуезовтің мерейтойына арналған фестивальда (1997) «Айман - Шолпан» қойылымымен қатысты. Театрдың бас режиссері Мағзом Бақытжанов. Театрға жазушы драматург Тахауи Ахтановтың аты берілген (1993).<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}