Ақпараттық төңкеріс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:58, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақпараттық төңкеріс - ақпараттық технологиялар әкелген түбегейлі өзгерістер; білімге және ғаламдық экономикаға негізделген қоғамның қалыптасуы. Ақпараттық технологиялар әлемді күрт өзгертіп, біздің өзіміз және қоғам, мәдениет жайлы көзқарастарымызға үлкен ықпал етті. Ақпараттық төңкеріс кеңістікке (қашықтықтың қысқаруы), уақытқа (уақыт тығыздығы), мемлекет рөліне (кеміп бара жатқан), саясатқа, ғаламдық экономикаға, мәдениетке, адамзат бірегейлігіне аса маңызды жаһандастырушы ықпал етті. Ақпараттық дәуір мәні, әсіресе оның ғаламдық өзара байланысқа және қоғамға әсері әлі толық анықталмаған. Көптеген трансұлттық корпорациялар үшін ақпараттық төңкерістің мәні технологиялардың өзінде емес, банктердің, университеттердің, үкімет қызметтерінің және коммерциялық мекемелердің түбегейлі өзгеруінде. Көпшілік мемлекеттердің саясатына сәйкес интернет экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік даму мен көркею мүмкіндігі болып, ал нарық экономикалық "ұтқандар" мен "ұтылғандардың" соңғы төрешісі болып табылады. Әртүрлі әдетте бірін-бірі толықтыратын саладағы ғалымдар үшін ақпараттық дәуір білімді тауарға айналдырып, сөйтіп, ақпаратты қоғамды дамытуда қолданатын ресурс қалпынан айырады. Шын мәнінде университеттердің өздері сандық капитализмнің өзара байланысты мекемелеріне айналды. Демократиялық қоғам күннен-күнге кеңейіп бара жатқан ақпараттың коммерциялануы нәтижесінде біршама ұтылды, өйткені демократия көптің қолы жететін ақпаратпен еркін алмасуға және азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени шешімдер қабылдауға қатысуына негізделген. 1996 ж. Мануэль Кастельс ақпараттық төңкеріс 1980-ші жылдардан бастап капиталистік жүйенің ыдырауының аса маңызды факторы болды деп сендіреді. Кастельс өндірістің әдістерін (капитализм, этатизм) және дамудың әдістерін (индус¬триализм, ақпараттық) бөліп қарастырады. "Ақпараттық" - дамудың жаңа әдісі, XX ғасырдың аяғында капиталистік даму әдісін ыдырату нәтижесін¬де пайда болған. Ақпараттық төңкеріс саясат пен демократияны түбегейлі өзгертеді. 1990- шы жылдары азаматтық қоғамның басым бөлігінің әлеуметтік мемлекетке, әлеуметтік қорғауға қарсы шыққанын, сөйтіп, оның қоғамды жіктеу процесіне және мемлекеттің әлсіреуіне алып келгенін көрдік. Бүгінгі күні қазіргі қоғамды атомдандыру мен үзінділендіру тарихи естелік пен адамзат ынтымақтастығын әлсіретті. Жаһандану мен жекеменшіктің іріленуі және технологиялардың икемділігі мен бәрін қамтитын маңызы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының алуан түрлілігі мен автономдығы - осының бәрі егеменді мемлекетке қауіп төндіреді. Аса маңызды экономикалық, экологиялық және саяси мәселелерді шешу барысында егемендіктің бөгетінің бұзылганын көреміз. Егеменді мемлекет оның өкілеттігін тұрақтылыққа алмастырып, шектейтін көптеген әртүрлі саяси институттардың қоршауында қалды. Біз негізгі саяси кеңістік болып бірден-бір электронды бұқаралық ақпарат құралдары ғана қалған ақпараттық саясат әлеміне бет бұрдық. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданбай билікке жету де, оны ұстап түру да мүмкін емес. Соңғы онжылдықтың аса күрделі саяси және этикалық мәселелерінің бірі ғаламдық ақпараттық технологиялардың өнеркәсіппен, жұмыспен қамтылудың өсуі әсерімен байланысты. Екінші мәселе - құпиялылық пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты. Үшінші мәселе - стратегиялық ақпараттық инфрақұрылымдар мен ақпараттық соғысқа қатысты.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақпараттық төңкеріс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}