Ақмырза Исаұлы Рүстембеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:05, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Сәулетші Ақмырза Исаұлы Рүстембеков (15 ақпан, 1956 жылы, Ақмола облысы, Қорғалжын кентіде туған) - сәулетші, ҚР Сәулетшілер одағының президенті. Қазақстан Республикасының Құрметті Құрлысшысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). ТМД Халықаралық сәулетшілер одағының вице-президенті әрі академигі.

Толығырақ

Алматы сәулет-құрылыс институтын бітіргөн (1980), сәулетші. Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі. ҚР БАҚ-да және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала қурылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалар авторы. «Мұнара түріндегі ғимарат» авторлық куәлігі бар (2003).

1980 жылдан - «Гипровуз» ВГПИ Алматы филиалында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, жобалардың бас сәулетшісі, филиал директорының орынбасары. 1990 жылдан - шығармашылық-өндірістік шеберханасының жетекшісі. 1996 жылдан - ҚР Сәулетшілер одағының вице-президенті, 2000 жылдан бері - президенті. 2001-2003 жылдары - Халықаралық ТМД Сәулетшілер одақтары ассоциациясының вице-президенті.

«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2002 жылдан).

Мемлекеттік марапаттары

Жеке қасиеттері

Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - төзімді. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу». Хоббиі - тау шаңғысы, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, әлем сәулет өнері.

Жеке өмірі

Үйленген. Жұбайы - Рүстембекова Баян Нариманқызы (1958 ж. т.), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қаз¥ТУ оқытушысы. Ұлдары - Бауыржан (1978 ж. т.), Ержан (1979 ж. т.). 3 немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub