Ақмола

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмолааққайрақ тастан әдемілеп жасалған ескерткіш белгілер.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Осындай бір ескерткіш (мола) Есіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде (қазіргі Астана қаласы тұрған жер) болған. «Мола» деген сөз ғұн тілінде биік қорған, қамал деген ұғымды береді. Ақмола – 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған сәулетті күмбез. Тастан, күйдірген кірпіштен тұрғызылған мұндай күмбездер Есіл мен Нұра өзендері бойында (Ботағай, Көктам, Сұлутам, Сырлытам, т.б.) көп. Ақмола, Қаракеңгір бойындағы Домбауыл кешені солардың ескі түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстіне жартышарға ұқсаған не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан. Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрінеді. Кейіннен Ақмола Ақмола қаласы мен облысының ресми атына айналды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Қосымша мәліметтер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}