Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:08, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (1948 жылы туған, Алматы) – химия ғылымы кандидаты (1974) және саясаттану ғылымдарының докторы (1993).

Биографиясы

ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1974) бітіргеннен кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісі (1973–83), Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–89), Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1989-91), БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі (1992–99), Куба (1996–99) мен Франциядағы (1999–2003) Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады.

1974 ж. «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында канд., ал 2004 ж. «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 11-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. «Құрмет» орденімен (1996) және медальдармен марапатталған.