Ақмарал Зықаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға

Ақмарал Зықаева (21 желтоқсан 1985, Алматы, Қазақстан) — Қазақтың әнші қызы, сазгер, композитор және дыбыс режиссёрі. Aқмаралдың әуендерінің ерекшілігі – ұлттық фолк (көне әуендер), электроника, трип-хоп және поп–рок сияқты әлемнің түрлі музыкалық бағыттарды үйлестіріп қазақ тілінде орындауы. «Мерген» атты сахналық есімімен белгілі.

Скрипка сыныбы бойынша, Қазақ ұлттық консерваториясының 2008 жылының түлегі (Алматы).

2010 жылы, Independent Artist (Үлгі:Lang-kk) мамандығымен Музыкалық Институтты (Үлгі:Lang-en) бітірді (Голливуд, АҚШ).

Он тоғыз жасында Mergen, «13» атты өз дебюттық альбомының әндерін студияларда жазуды бастады. Альбом үстінде жұмыс істеу барысында - сазгер, өңдеуші, продюсер ретінде, сонымен қатар әндердің мәтіндерінің авторы болды.

2009 жылдың шілде айының 1 жұлдызында дүкен сөрелерінде Ақмаралдың алғашқы альбомы жарық көрді.

Кәзіргі кезде, «Mergen» атты жобасына арналған жаңа әндер дайындық үстінде. Екінші альбомы 2011 жылдың 27 қараша күні жарыққа шықты. Альбомның аты "Аян". Бұл альбомда этникалық әуенге қарағанда ауыр синтетикалық аспаптар және trip-hop beat, «мейнстримдік» дыбыстар орын алуы күтілуде. Сонымен қатар, осы жазылып жатқан келешек альбом (демо) 2010 жылдың көктемінде Голливудта «Outstanding Project» (Көрнекті Жоба) сыйлығымен марапаталды.

Дереккөздер

<references/>