Ақжарма ансамбльі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақжарма»фольклорьлық-этнографиялық ансамбль. 1992 ж. Маңғыстау облыстық филармониясы қарамағынан құрылып жұмыс істей бастады. «Ақжарма» ансамблінің репертуары негізінен жергілікті, маңғыстаулық күйші-композиторлар (Есір Айшуақұлы, Қашаған Күржіманұлы, Құлшар Ерназарұлы, Өскенбай Қалманбетұлы, Мұрат Өскенбайұлы, т.б.) шығармаларынан құралды. Ансамбль ұлттық музыкалық дәстүрді насихаттап, облыстық көлемдегі мерекелік шараларға қатысады, мектептерде, мектеп жасына дейінгі балалар бақшаларында да өнер көрсетеді. Халықаралық фестивальдарға (мысалы: Түркия, 1992; Қытай, 1994; 1-орын) қатысып, лауреат атанды. 2005 ж. Шымкент қаласында Халықаралық «Менің Қазақстаным» атты Ш. Қалдаяқов әндерінен өткен байқауда «Ақжарма» ансамблінің әншісі А. Көшеров бас жүлдеге ие болды.<ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақжарма ансамбльі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}