Ағзаның қартаю құбылыстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері

Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю — онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды герантология (гр. geron — шал) деп атайды. Герантология қартаю құбылысының негізгі зандылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейіңде анықтайды, оның даму ерекшіліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді. Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе XX ғ. халық құрамында терең демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше мәнге ие болып отыр, себебі көптеген экономикалық дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде. Герантологияның міңдеті теқ қана адам өмірін ұзарту емес; сол сияқты, кәрі адамдардың коғамдық өмірге және еңбек қатынастарына белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толыққанды өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады.

Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы

Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады. Ағза денесінде қартаю белгілері әртүрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. 50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйелдер, өжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ас қорыту жүйесіңде мынадай өзгерістер байқалады — тістер босап, қаусап түсе бастайды, асқорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп, жинақталып, оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесіңде адам тез шаршайтын болады. Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады — кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз. Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді. Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген. Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді. Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысыңда да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бүл көптеген гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық тетіктері — транскрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады. Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын,оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді. Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсеңділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынаи ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды. Ұзақ уакыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады. Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды. Дегенмен көптеген гомеостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, үшіншілерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, бірінші типке жүректің жиырылуын, гормондардың белсенділігін, ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, жыныс бездері) қызметін, көру, естут.б.; екінші типке гипофиз қызметін, қандағы холестерин деңгейін, жасушалардың гуморальдық және химиялық факторларға сезімталдығын т.б.; үшінші типке қандағы қант деңгейін, эритроциттер мен лейкоциттер санын, гемоглобин мөлшерін т.б. жатқызуға болады. Ағзаның әртүрлі мүшелері мен мүшелер жүйесінде жастық өзгерістер онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде бір мезгілде байқалмайды — оны гетерохрониялық қабілеті деп атайды. Мысалы, тимустың семуі 13-15 жаста басталса, аналық бездің қызметінің тоқталуы 48 - 52 жаста байқалады Жастық өзгерістер бір мүшенің әртүрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей бола бермейді. Мысалы мидың әртүрлі бөлімдерінде қартаю құбылыстары бірдей болмайды - оны гетеротопия құбылысы деп атайды. Жастық өзгерістер бір жүйеде ерте пайда болып, жәй дамыса (мысалы, сүйек ұлпасы), екінші біреулерінде кештеу байқалып, тез дамып кейінірек алға шығады (мысалы орталық жүйке жүйесі). Жастық өзгерістердің пайда болуы тек күнтізбелік жасқа ғана байланысты емес, ол бірқатар факторларға, оның ішінде әлеуметтік факторларға да байланысты. Биологиялық жасты анықтау үшін әртүрлі тесттік жүйелер пайдаланылады: артерия қысымы, қан холестеринінің мөлшері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшықет күші т.б. Ерте кездердегі герантологтардың пікірінше (Пархон) қартаю — емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю — ауру емес, ол онтогенездің заңды нәтижесі екенін естен шығармауымыз қажет. Ғылымның негізгі мақсаты биологиялық құбылыстарды кері қайтару емес, ол мүмкін де емес. Қартаю құбылыстарын зерттеудің негізгі мақсаты — ерте қартаюдың алдын алу, болдырмау, адамдарға физиологиялық қартаюға дейін толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Қартаю туралы негізгі теориялар

Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю теориясын" атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. қуат қоры таусылса, сағаттың пружинасы босағандай, тіршілік те баяулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстіңгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың тіршілік ұзақтығы қысқа болады (мысалы, егеуқұйрық 2-3 жыл, ит 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді). Бірақ бұл тұжырымды барлық жануарлар үшін қолдана беруге болмайды, кейбіреулерінің тіршілік ұзақтығы бұл тұжырымға қайшы келеді. Мысалы, егеуқұйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да, дене бетінің көлемі де, онымен пара-пар, бірақ тиіндер актив қозғалып 15-20 жыл тіршілік етеді, яғни егеуқұйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді. Актив қозғалып тіршілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда екі есе артық өмір сүреді. И.И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға - физиологиялық, патологиялық т.с.с. тәуелді болмай, сол сияқты әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И.И. Мечниковтың пайымдауынша ағзаның өсуімен қатар әртүрлі заттардың алмасуы, мысалы азоттың алмасуы нәтижесінде жинақталған ыдырау өнімдері - аммиак, ағзаны улайды, тоқ ішекте шіру өнімдері көптеп жинақталады. Бұл теория бойынша улы ыдырау өнімдері кейбір мүшелер мен ұлпаларды көбірек улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал дәнекер ұлпа жасушалары керісінше көбейеді. И.И. Мечников қартаю құбылысын тек фагацитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сондықтан сүт өнімдерімен көбірек қоректену кажет деп айтқан. Академик А.А.Богомольц (1922) қартаю себептері ағзадағы ұлпааралық қатынастардың бұзылуы деп болжамдаған. Ол жасушалар мен ұлпалардың қоректенуін қамтамасыз ететін және реттейтін дәнекер ұлпалардың қартаю құбылысындағы маңызы ерекше деп түсінген. Қартаю құбылысының себептерін түсіну үшін И.П. Павлов (1912) ілімінің де маңызы зор, себебі орталық жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін реттеуші, басқарушы орталық больш табылады. Әртүрлі тәжірибелердің нәтижесінде И.П. Павлов жүйке күйзелісі мен ұзақ уақыт жүйкенің шаршауы ерте қартаюды тудыратын факторлар екенін анықгаған. 1940 жылы Нагорный қартаю - жасушада ақуыз молекуласының синтезделуінің бұзылуы салдарынан болады деп болжамдаған. Қартаюдың қазіргі теориялары бойынша қартаю жасушаның генетикалық аппаратының бұзылуы салдарынан болады. Онтогенез барысында нуклеопротеид кешенінің саңдық және сапалық өзгерістері байқалады, ал ол тіршіліктің түпкілікті қасиеттерінің бірі- өзін-өзі жаңарту, ақуыз синтезі, сияқты құбылыстардың өзгеруіне алып келеді. Қартаю кезінде гистондар мөлшері көбейеді, олардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бұл көптеген гендер мен гендер кешенінің актив күйінен активсіз күйіне көшуіне алып келеді. Бұл құбылысты Г.Д. Бердышев (1972), В.Н. Никитин (1972) өз тәжірибелерінен байқаған. XX ғ. 90 жылдары американ ғалымдары адам ағзасының "кәрілік" генін тауып оны "клото" гені деп атаған. Бұл ген адамзаттың шамамен 25 пайызында кездеседі. Ол ағзада екі не одан да көп дана күйінде кездесуі мүмкін және геномда оның саны неғүрлым көп болса адамдар солғұрлым ерте қартайып дүние салады. "Клото" геннің екі данасы жаңадан туған нәрестелердің 3 пайызында кездессе, 65 жастағы адамдардың тек 1,1 пайызында ғана кездескен. Демек, осыншама "клото" гені бар адамдар ерте кезде, яғни 65 жасқа жетпей, дүние салған. "Клото"генімен ағзаның ерте қартаюы арасыңда тікелей байланыс болатындығына ғалымдар әлі де күмандануда. Әйтседе, осы геннің адамдардың тіршілік ұзақтығын реттеуге қатынасы сөзсіз. Адамдарда ерте қартаю синдромы - прогерия дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауыратын адамдарда балалық шақтан бастап (мүмкін, жыныстық жетілу шақта — 13 - 15 жаста) жасушаларда жедел қартаю құбылыстары байқалады. Олардың терісінде қыртыстар пайда болып, шаштары ағарады, көздері нашар көреді, тамырлардың атеросклерозы т.б. дамиды, яғни 20 жасқа жетпей-ақ нағыз кәрі адамдарға тән қартаю құбылыстары дамиды. Тап осыңдай құбылыс 2001 жылы Атырау облысының тұрғыны 9-10 жастағы Нұржан атты балада байқалған. Бүгінгі таңца медицина бұңдай генетикалық сиңдроммен ауыратын адамдарға түбегейлі көмек көрсете алмайды, себебі оның пайда болу және даму тетіктері әлі толық анықталмаған. Дегенмен, цитологиялық және молекулалық - биологиялық зерттеулер нәтижесінде жасушаның не тұтас ағзаның тіршілік ұзақтығын "таразылап" өлшеп отыратын кейбір механизмдер анықталған. Олардың ішінен Л. Хейфлик лимитин және оған негізделген А.Оловниковтің теломерлік гипотезасын айтуға болады. XX ғ. 70 жылдары америка дәрігері Л. Хейфлик тірі ағзалар жасушаларының санаулы рет қана бөлінетіндігіне көңіл аударған. Кейінірек әртүрлі түрлердің жасушаларының бөліну максимумы түрліше болатындығы белгілі болды және ол ағзаның тіршілік ұзақтығына тура пропорционал болатындығы анықталды. Мысалы, жүз жылға дейін өмір сүретін адамдарда (Ноmo sapiens) Хейфлик лимиті- 50-ге, 3 жыл өмір сүретін тышқандарда - 15-20-ға, 175 жыл өмір сүретін галапагосс тасбақаларында- 110-ға тең. Ерте қартаю синдромы (прогерия) байқалатын адамдар жасушаларында Хейфлик лимиті 50 - ден 10 - 15 ке дейін азайған. Ғалымдардың пікірінше жасуша бөлінген сайын онда кейбір нәрселер бір жолата жойылып не жинақталып отыра ма деген ой пайда болды. XX ғ. 80 жылдары А.М.Оловников - жасушалардың әрбір бөлінуінде олардың хромосомаларының ұштары - теломералар азды-көпті үзіліп қысқарып отырады, ал хромосома теломерлерінің ұзындығы минимальды мөлшерге жеткенде жасуша бөлінуін тоқтатады деген гипотеза айтқан. Кейінірек бұл гипотеза тәжірибе күйінде дәлелденді. Хромосома теломерлері маңызды механикалық (хромосомаларды ядро матриксіне жабыстырады; хроматидалар ұштарын бір -біріне жалғайды;) хромосома құрылымын тұрақтандырушы, гендердің экспрессиялануына әсер етуші және жасуша бөлінуін есептеуші қызметтерді атқарады. Кейбір жасушаларда хромосома теломерлерінің үзілген бөліктерін қалпына келтіріп жалғап отыратын арнайы фермент -теломераза ферменті синтезделінетіні анықталды (1985 ж.). Рак және жыныс жасушаларында теломераза ферменті үнемі синтезделініп олардың шексіз бөлінуін қамтамасыз етеді. Сонымен, қартаюдың нақтылы бір себептерін (тетіктерін) бөле жара қарастыруға болмайды және ағзаның кәрілік өзгерістері бір мүшеде жайлап басталып әрі қарай тасқындап үдеп дамып көптеген мүшелер мен мүшелер жүйесін қамтиды.

Ағзалардың тіршілік ұзақтығы

Біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ұзақтығы бірнеше сағатқа тең. Шөптесін өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы бір маусым ғана болады. Ағаш тәрізді өсімдіктер ондаған, жүздеген жыл өмір сүреді. Мысалы, шие ағашы — 100 жыл, акация — 200 жыл, үйеңкі ағашы — 250 жыл, қарағай — 600 жыл, шырша - 1000 жыл, ал секвойя —бірнеше мың жылға дейін өмір сүре алады. Жануарлар дүниесінде мүндай ұзақ өмір сүрушілер кездеспейді, дегенмен кейбір түрлердің өкілдері оңдаған жылдан бірнеше жүз жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Мысалы, ішекқуыстылар - 50 жыл, жұмыр құрттар (сүлік) — 25-30 жыл, жауын құрттары - 10 жылдай өмір сүретіні белгілі. Жалпы алғанда, ірі жануарлар ұсақ жануарларға қарағанда ұзақтау өмір сүреді, бірақ бұл абсолютті бола бермейді, мысалы; кейбір былқылдақденелілер (моллюскалар) - 100 жыл өмір сүруі мүмкін, көлбақалар — 16, құрбақалар — 35-40 жыл, кептерлер — 30, қаздар — 65, бүркіттер, тотықұстар - 70, тышқандар — 5, қояндар — 10, егеуқұйрықтар - 2-3 жыл, көртышқандар — 45-50 жыл, жылқылар, 40, сиырлар - 20-35 жыл, аюлар - 50, арыстандар — 35, пілдер 80 жылдан артық өмір сүреді. Әртүрлі ағзалардың өмір сүру ұзақтығының ара қатынасы туралы ортақ зандылық жоқ, дегенмен ағзалардың тіршілік ұзақтығының өмір сүруінің минимальдық шегінің, жыныстық пісіп жетілуінің және ұрпақ қалдыру белсенділіктерінің эволюция барысында табиғи сұрыптау арқылы қалыптасқандығына шүбә келтіруге болмайды. XIX ғасырдың басында француз ғалымы Ж. Бюффон ағзалардың өмір сүру ұзақтығы, олардың өсу мерзімінен 5-7 есе артық болатындығын есептеп шығарған. Ж. Бюффон коэффициентін барлық жағдайларда қолдана беруге болмайды, әйтсе де көптеген жағдайларда оны пайдаланып түрлердің өмір сүру ұзақтығын теория күйінде есептеуге әбден болады. Мысалы, иттердің өсуі 2 жылға, ал өмір сүру ұзақтығы 15 жылға тең; ірі қара мал — 4 жыл және 20 жыл; жылқы — 5 және 30-40 жыл; түйе — 8 және 40 жыл т.б. Осылайша А. Богомольц, И. Шмальгаузен, тағы басқалар адамдардың өмір ұзақтығы - теория күйінде 120-150 жылға тең болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Адам өмірінің ұзақтығы

Адам өмірінің орташа ұзақтығы құбылмалы болатындығы белгілі. Ерте замандарда адам өмірінің орташа ұзақтығы қазіргі кездегіден әлдеұайда қысқа болған. Мысалы, неандертальдықтардың қазба күйіңде табылған қаңқаларын зерттегенде, олардың 40 пайызы 14 жас шамасында дүние салғанын, 15 пайызы — 15-20 жас арасында, тек 15 пайызы 40 жастан көбірек өмір сүргенін көреміз. Тас дәуірі адамдарының 50 жасқа дейін өмір сүргендері жеке сирек. Мыңдаған жылдар бойына адамдар қартаю жасына жетпей өлген. Адамдардың орташа жасы Еуропада XVI ғасырда - 21, XVII ғасыр-да - 26, ХVІІІ ғасырда - 34, XX ғасырдың басында - 50, XX ғасырдың аяғында — 60-65 жас шамасында болған. Әйелдер ер адамдарға қарағанда біршама ұзағырақ өмір сүретіні статистикалық тұрғыдан анықталған. Бұл бұрыннан да белгілі болатын, бірақ соңғы онжылдықтарда ол әсіресе айқын байқалады. Мысалы, Ресейде 1896-1897 жылдары әйелдер мен ер адамдардың орташа жасының айырмашылығы 2 жылды құраса, 1926-1927 жж. 5 жылға, 1970-1971 жж. — 9 жылға жеткен. Мұндай құбылыс көптеген елдерде де байқалады. Бұл құбылысты кейбір ғалымдар әлеуметтік факторлардың әсері деп болжамдайды: ер адамдардың еңбек ерекшелігі, көп жарақаттануы, жағымсыз әдеттерге құштарлығы (ішімдік, темекі тарту, нашақорлық т.б.). Дегенмен, бұл факторлар ер адамдар мен әйелдер арасындағы орташа жас айырмашылығын толық түсіндіре алмайды. Бұл құбылыс көптеген жануарлар түрлеріне де (насекомдар, балықтар, құстар, сүтқоректілер) тән. Мынадай тәжірибе жасалынған: адам аскаридасының аталық және аналық дараларын бір-бірлерінен бөлек ұстағанда, олардың екеулері де 20 күн шамасында өмір сүрген. Ал, оларды араластырып ұстағанда аналық даралары 20 күн, еркек даралары небәрі 16 күн өмір сүрген. Осыған қарап ғалымдар мынадай жорамал жасаған: аталық даралар сперматогенез құбылысында көптеп (жүздеген, мыңдаған, миллиондаған) шәуеттер бөліп шығарады, ал сперматогенез болса энергияны көп жұмсауды қажет ететін құбылыс екені белгілі. Демек, аталық даралардың энергия шығыны көп болғандықтан аналық даралардан аздау өмір сүреді. Сонымен қатар бұл жағдай аналық даралардың нейрогуморальдық реттелу ерекшеліктері мен жыныс гормонының ерекше қорғаныстық әрекетінің әсерінен де болуы мүмкін деген пікірлер айтылуда. Мүмкін әйелдер кариотипінде екі X хромосоманың болуы олардың тіршілік қабілетін арттыра түсетін фактор болар. Адамдардың өмір сүруінің биологиялық мүмкіншіліктері 120-150 жыл, дегенмен осы жасқа дейін өмір сүрушілер - ұзақ өмір сүрушілер, саны өте көп емес. Жалпы - 90 жастан көп өмір сүретін адамдарды ұзақ өмір сүрушілер деп атайды. Ұзақ өмір сүрушілер барлық елдерде де, барлық ұлттарда да кездеседі, сол сияқты Казақстанда да. Мысалы, ұлы Жамбылдың 100 жыл өмір сүргені бәрімізге аян. Жүзді алқымдап қалған немесе 100-ден асып кеткен кәриялар Казақстанның түпкір-түпкірінен көптеп кездеседі. Дегенмен, үзақ өмір сүрушілер, әсіресе Абхазияда, Аджарияда, Грузияда, Әзірбайжанда, Солтүстік Кавказда, Таулы Алтайда т.б. жерлерде жиі кездеседі. Дүниеде ең ұзақ өмір сүрген, Гиннестің рекордтар кітабына енген адам Шерәлі Мүслімов (Әзірбайжан) болған. Ол 168 жыл, ал әкесі 110, шешесі 90 жыл өмір сүрген.

Өлім - жеке дамудың (онтогенездің) заңды қорытындысы

Әрбір ағзаның жеке тіршілігінің ақырғы фазасын - өлім деп атайды. Өмір барда өлім бар деп халық бекер айтпайды, өлімнен ешбір пенде күтыла алмаған, құтыла алмайды да. Ағзалардың тіршілік құбылысында оның дене жасушалары бір жағынан өліп жойылып отырса, екінші жағынан оның орны толтырылып (физиологиялық регенерация) қалпына келіп оырады. Ағзаның зат алмасу құбылысы және сыртқы ортамен қарым-қатынасы бұзылған кезде оның өлімі басталады. Ағза өлімінің табиғи себептері болып қартаю құбылыстарының тереңдеп үдеи түсуі, патологиялық құбылыстар, сыртқы орта факторларының зияңды әсерлері т.б. болуы мүмкін. Жоғары сатылы жануарларда және адамдарда өлімнің 2 түрін ажыратады: физиологиялық өлім және патологиялық өлім. Физиологиялық өлім - табиғи өлім, қартаю құбылыстары нәтижесінде пайда болады; патологиялық өлім — мезгілсіз өлім, адам ағзасының ұзақ сырқаттану салдарынан мүшелерінің қажып, қызмет ете алмау жағдайларында пайда болады. Сол сияқты, мезгілсіз өлім әртүрлі апат жағдайларының салдарынан да болуы мүмкін. Жоғары сатылы көпжасушалы ағзаларда өлім клиникалық өлім және биологиялық өлім болып бөлінеді. Тіршіліктің негізгі қызметтерінің тоқталуы клиникалық өлімге жатады. Ол 5-6 минутқа созылады. Бұл кезде көптеген жасушалар мен мүшелер өздерінің тіршілік қабілетін әлі толық жоя қоймағандықтан олар өзін-өзі жаңарту құбылыстарын жалғастыра береді, метаболизм жалғасады, бас миы өз қызметін әлі толық жоғалтпаған. Сондықтан да осы өлім жағдайындағы адамдарды қайтадан тірілтуге болады. Оны реанимация деп атайды. Тынысалудың және қан айналымның ұзақ уақытқа (10-15 минут) тоқтатылуы үлкен ми сыңарларының жасушаларында кері қайтпайтын өзгерістер пайда етеді, ол өз қызметтерін түгел жояды. Оны қайта тірілту мүмкін емес. Өлімнің мұндай түрін биологиялық өлім деп атайды.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағзаның қартаю құбылыстары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}