Ашымал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ашымал, Ашымық, Айран көже - бидай, тары, күріш, арпа тәрізді астық қайнатылған көжеге айран қосып дайындалатын ұлттық тағам түрі. <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>


Суға салынған дән жарылып піскен соң суытып барып, ағарған қосады. Жылы жерде тұрып бір-екі күнде ашып, «ашыған көже» дайын болады. Айран мен дәнді дақыл қосылып аши келе жағымды қышқыл дәм береді. Оны ашымал деп атайды. Ашымал - ішкен кезде шөл қандыратын сусын, әрі тоқ басатын тағам. Ішіліп азая бастағанда жарманы суға қайнатып, тұзын татытып, суыған соң айран қосып үстемелеп отыра¬ды. Осылайша үстемелеп отырмаса екі-үш күннің ішінде тым ашып кетеді. Ашымал құнарлы болуы үшін оған ұн қосып та жасайды. Ақ қоспай суға ұн сеуіп дайындаған түрін қара көже дейді. Көжені ішер алдында піспекпен, шөмішпен жақсылап араластырады. Ыдысын арша, тобылғы, қайың қабығымен ыстап отырмаса, күбінің ағаш дәмі шығып кетеді. Ыстың иісі мен дәмі көжеге «шауып», көженің сусындық маңызы күшейе түседі. Ашымалды түрлі жұмыс басына апарып қойып, сусын әрі жеңіл тамақ ретінде пайдаланды. Кейбір өңірлерде мұны айран көже, ашымық, ашытпа, ашыған деп түрліше атайды <ref>Қатран Д. Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті. Ғылыми редактор және алғысөз авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: ҚМӨҒЗИ, 2002</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер