Ацидофобты ағзалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:16, 2014 ж. сәуірдің 12 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Ацидофобты ағзалар ( Үлгі:Lang-lat - қышқыл + Үлгі:Lang-el — қорқады) - қышқыл ортада тіршілік ете алмайтын, тек сілті ортада ғана өсіп-өнетін ағзалар.

Ацидофобты ағзаларға кейбір бактериялар, мысалы, несеп зәрін ыдыратушы уробактериялар жатады. Олар тек сілтілі ортада (рһ 8-9 шамасында болғанда) жақсы өсіп-өнеді. Ал рһ 6-дан төмендегенде, олардың тіршілігі тежеледі. Бұл бактериялар көміртегін әр түрлі органикалық қосылыстардын, соның ішінде органикалық қышқылдар тұздардан, мысалы, лимон, алма және сірке қышқылдарының тұзынан алады. Олар аммиак тұзын немесе несеп зәрін ыдырататын кезде бөлінетін газ күйіндегі аммиактан азот алады.

Ацидофобты ағзаларға жоғары сатыдағы өсімдіктерден қызылша, беде, лобиа жатады<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>.

Дереккөздер

<references/>