Ахмет хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:21, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ахмет хан — (15331535) Сырдария маңында билік құрған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Ахмет хан, Қожа Махмуд хан, Махмуд хан — 16 ғасырдың 30-жылдарының 2-жартысында Қазақ хандығының батыс бөлігін билеген хан. Жәнібек ханның немересі, бірақ оның қай ұлынан екені белгісіз.

1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған. Қадырғали Жалайри А. х. туралы: “Қазақияда Ахмад хан деп атайды. Ол дағы біраз уақыт хан болды. Шидақ бекпен болған ұрыста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды”, — деп жазады.

А.П.Чулошников Ахмет ханды 1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан болған, ноғайлармен болған бір ұрыста Орақ мырзадан жеңіліп, өлтірілген деген пікір айтады.<ref>Чулошников А.П., Очерки по истории Казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен, ч.1, Древнее время и средние века, Оренбург, 1924; Қадырғали Жалайри, Шежірелер жинағы, А., 1997; История Казахстана. С древнейших времен до наших дней, А., 1997.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақ хандары Үлгі:Бастама