Ахмет Алдашұлы Алдашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алдашев Ахмет Алдашұлы(1937) – мед. ғыл. докт. (1973), проф. (1978). Қазақстанның еңб. сің. ғыл. және тех. қайраткері (1988). Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыр ауруларының пайда болу себептерін дәлелдеп, олардың биохим. механизмін ашты. Қарағанды мед. ин-тын бітірген (1960). Сонда патофизиология кафедрасында ассистент (1961 — 66). Респ. Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі, директордың ғыл. істер жөніндегі орынбасары (1966 — 75), Одақтық Медицина Академиясының Тағам ин-тының Қазақ бөлімшесінде директордың орынбасары, директоры (1975 — 82) болды. Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының ректоры (1982 — 2001), 2002 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектерінің бағыты тағамтану және витаминология мәселелеріне, экол. зиянды факторлардың адам организміне әсерлерін тексеруге арналған. А. құрқұлақ, ақшамсоқыр, т.б. аурулардың пайда болуы витаминдер жетіспеушілігінен ғана емес, сонымен қатар организмде кейбір алмастырылмайтын амин қышқылдарының тапшылығынан екенін алғаш дәлелдеді. 250-дей ғыл. еңбектің, оныңішінде 6 монографияның авторы. Қазақстан Республикасының мемл. сыйл. лауреаты (2001). Парасат, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Алдашев Ахмет Алдашұлы (4.9.1937 жылы туған Солтүстік Қазақстан облысы Еңбекшілдер ауданы Кішкентай ауылы) — медицина ғылымының докторы (1973), профессор (1978). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1988). Қарағанды медицина институтын бітірген (1960). 1961 — 66 жылдары сонда патофизиология кафедрасының ассистенті. 1966-75 жылдары республикалық Өлкелік патология институтында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, 1975 — 82 жылдары КСРО медицина Ғылым Академиясының Тағам институтының Қазақ филиалында директордың орынбасары, директоры болды. 1982 жылдан Республика дәрігерлер білімін жетілдіру институтының директоры әрі гигиена кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері тағамтану, тамақтану гигиенасы және витаминология мәселелеріне арналған. Бұл тақырыпта 200-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, оның 20-дан астамы шетелдерде жарияланған. Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыры ауруларының пайда болуы витамин тапшылығымен қатар амин қышқылдарының және сүт тағамдарындағы кальций, фосфор тұздарының жетіспеушілігінен болатынын дәлелдеп, олардың биохимиялық механизмін ашты. Сондай-ақ үлкен қалалардағы экологияның бүлінуіне электромагниттік толқындардың әсер ететінін анықтады. Алдашевның жетекшілігімен 5 докторлық және 16 кандидаттық диссертациялар қорғалған. Алдашев Құрмет белгісі және Парасат ордендерімен (1998) және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ахмет Алдашұлы Алдашев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}