Ахметжан Сәлімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ахметжан - копия.png
Ахметжан Сәлімбаев
Сурет:Салимбаев Ахметжан.png
министр геологии Казахской ССР

Ахметжан Сәлімбаев (1926, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы - 1987, Алматы қаласы). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1968).

Өмірбаяны

Ахметжан Сәлімбаев 1926 жылы Ақши ауылында дүниеге келді. Әкесі Сәлімбай Андақбайұлы ауыл молдасы, анасы Жұмақ Төлендіқызы (Тау Шапай (қазіргі Қарағайлы ауылының тумасы) арапша хат танитын кісі болған.

XX ғ. 20-шы жылдары отбасы қуғынға ұшырап, әке-шешесі Төңкеріс ауылына аударылып, қамауда болды. Сәлімбайдың ағасы Медербай ұжымдастыру науқанында бай болғаны үшін тәркіленіп, кейіннен қырғызға асу жолында аштан өледі, артынан бәйбішесі де аштан өлген. Баласы Әбдінағым жалғыз қалып, қара күз бен қыста далада киімсіз жүргендіктен бала кезінде аяқ-қолы тартылып, өмір бойына мүгедек болып қалған. Алайда ол есейіп, отбасын құрып, мүгедектер үйінде ұзақ жыл бас бухгалтер болып істеп, кейіннен өзі туған өлкесі туралы көп естеліктер жазған. Медербайдың екінші әйелімен бірге кіші ұлы Әбдіғани Талдықорған облысына қашып, қуғыннан аман құтылады. Кейіннен ағасы Сәлімбай оны іздеп тауып, Әбдіғани өз ауылына оралады.

Ахметжан отбасында екінші бала болады. Үлкен ағасы Әбдіғалым Сәлімбаев, ҰОС ардагері, Сталинград шайқасына қатысқан, кейіннен мектеп директоры, Еңбекшіқазақ ауданы білім басқармасының басшысы болған. Інісі Махмұт Андақбай құрылысшы-инженер, түрлі құрылыс мекемелерін басқарды, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы. Кіші інісі Мұхтар Андақбаев - ҚР құрметті теміржолшысы.

Ахметжан Жеті жылдық қазақ мектебінде оқып, өз ауылында бала кезінде хат танымайтын үлкен кісілерге мұғалім болған. Оқушыларының ішінде колхоз басшылары да табылатын.

16 жасында Ұлы Отан Соғысына өз еркімен аттанып, Балтық флотындағы майданда болады.

Соғыс біткеннен кейін де 3 жыл әскери борышын жалғастырып, орта мектепті экстернмен бітіріп, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік Техникалық Университетіне түседі. Алайда, әкесінің алысқа кетуге қарсы болғанына көніп, Қазақ тау-кен-металлургия институтына (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) ауысады .

Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1956).

Қостанай облыстық партия коммитеті пленумының мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты

Тұлғаға тағзым

  • Туған жері - Ақши ауылында орталық көшенің бірі Ахметжан Сәлімбай атымен аталған.
  • Ақши орта мектебінің сынып бөлмесіне тұлғаның аты берілген

Еңбек Қызыл Туы орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref><ref>С.Ш.Мухамеджанова ИЗМЕНЕНИЕ СИСТЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ ПРОМЫШЛЕННОСТЬЮ КАЗАХСТАНА И ПЕРЕДЕЛ ЕГО СОБСТВЕННОСТИ ПО ХОЗЯЙСТВЕННОЙ РЕФОРМЕ 1965 ГОДА</ref> <ref>О назначении заместителей председателя Совета Министров Казахской ССР, председателя Государственного Комитета Совета Министров КазССР, министров Казахской ССР и начальника Главного управления Совета Министров Казахской ССР // Ведомости… — 1965. — № 43. — С. 34.</ref>

Ғылыми еңбектері

  • Плутоногенные редкометалльные месторождения Северного Тянь-Шаня // Металлогения орогенных этапов развития Тянь-Шяня: IX Всесоюз. металлоген. совещание. Ташкент, қыркүйек 1979 ж. – Ташкент, 1979. – С. 92-93. (Соавт.: Н.П. Сенчило, Т.М. Лаумулин, А.С. Салимбаев и др.).
  • Плутоногенное редкометалльное оруденение Северного Тянь-Шаня // Закономерности размещения

полезных ископаемых. –М., 1981. – Т. 13. – С. 284-297. (Соавт.: Т.М. Лаумулин, Н.П. Сенчило, А.С. Салимбаев и др.).

  • Закономерности распределения кобальта в минералах руд на участке Соколовского карьера [Текст] / Н. И. Руденко, В. П. Бузура, А. С. Салимбаев. - Москва : [б. и.], 1970.
  • Салимбаев А.С., Зальцман В.Г., Юсупов А.Х. и др. "Отчет о результатах поисково-разведочных работ на вольфрамо-оловянном м-нии Карагайлы-Актас за 1967-73ж.ж. с подсчетом запасов". Алматы. 1973, 554л.
  • Бажанов М.В., Мирофанский В.Ф., Салимбаев А.С. и др. "Отчет по поисковым работам геохимической партии за 1973-74 ж.ж. мест-я Текели Талды-Курганской области и Карагайлы-Актас Алма-Атинской области". Алматы, 1975, 178л.
  • Салимбаев А.С., Зальцман В.Г., Юсупов А.Х. и др. "Отчет о результатах поисково-оценочных работ в Баянкольском р-не и переподсчет запасов вольфрамо-оловянных руд м-ния Карагайлы-Актас за 1974-75 ж.ж. Алма-Атинская область". Алматы, 1976, 257л.
  • Салимбаев А.С., Зальцман В.Г., Багаева Н.М. и др. "Подсчет запасов на I/I-79ж. и ТЭО предварительной разведки вольфрамо-оловянного м-ния Карагайлы-Актас (Алма-Атинская обл.)". Алматы, 1973, 554л.<ref>С.Ш.Мухамеджанова ИЗМЕНЕНИЕ СИСТЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ ПРОМЫШЛЕННОСТЬЮ КАЗАХСТАНА И ПЕРЕДЕЛ ЕГО СОБСТВЕННОСТИ ПО ХОЗЯЙСТВЕННОЙ РЕФОРМЕ 1965 ГОДА</ref><ref>О назначении заместителей председателя Совета Министров Казахской ССР, председателя Государственного Комитета Совета Министров КазССР, министров Казахской ССР и начальника Главного управления Совета Министров Казахской ССР // Ведомости… — 1965. — № 43. — С. 34.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер