Африка даму банкі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:AFDB Logo.png
Африка даму банкі логотипі.

Африка даму банкі — Африка елдерінің экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларына кредит бөлумен айналысатын мемлекетаралық банк. 1963 жылы тамыз айында құрылғанымен, 1966 жылы Шілде айынан бастап қана жұмысқа кірісті. Акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған. Банкке 70 ел (оның ішінде Африка мемлекеттерінен басқа АҚШ, Жапония, ГФР т.б. 20 ел) мүше (1996). Осы мүше елдердің ресурстарына сүйене отырып, Африка даму банкі даму жобаларын тікелей қаржыландырумен айналысады. Банктің құрамында жеңілдік шарттармен кредиттер беретін Африка даму қоры, Нигерия траст қоры, Африканың дамуын қаржыландыру жөніндегі халықаралық қор т.б. институтттар жұмыс істейді. Банк басқармасы Абиджанда (Кот-д-Ивуар) орналасқан.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Африка даму банкі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}