Афина ақпарат агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:49, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Афина ақпарат агенттігі (AHA) (Athinaikon Praktorion Idiseon, Athens News Agency ANA) — 1896 жылы негізі қаланды.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Афинада орналасқан. Агенттікке Үкімет Президиумының жанындағы Министірлік бақылау жасайды. Рейтер, АФП және ЮПИ агенттіктерінен алған халықаралық жаңалықтарды және мемлекет ішіндегі өздерінің жеке ақпараттарын ресми түрде таратады. Агенттіктің клиентеріне Грекия газеттері, радио және теледидары, әскери басшылығы, үкіметтік мекемелері жатады. Ірі батыс агенттіктерімен ақпарат алмастырады. МТИ,ЧТК және Аджерпреспен бірлесіп қызмет жасау жөнінде келісімшарт жасасқан. Ағылшын тілінде ресми материалдар жарияланатын бюллетеньдер шығарады. Штаты 140 адамнан тұрады. Әлемнің ірі қалаларында тілшілері бар. Еуропа альянсындағы баспасөз агенттігі ЕААП-қа мүше.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}