Ауытқыған мінез-құлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауытқыған мінез-құлық (девиаштық мінез-құлық) - балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, і ондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетгер жасауы. Ауытқыған мінез-құлық физиологиялық және патологиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (aшу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен, адамды оның салдары үшін жауапкершіліктен босатпайды. Яғни Мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасаған қылмысы үшін кінәлілік жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір жағдайларда жеңшдетілуі мүмкін. Патологиялық негіздегі Ауытқыған мінез-құлық адаады бір сөтке сана-сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық Ауытқыған мінез-құлық ұшыраған адам жасаса, ондай адам есі кіресілі-шығасылы деп танылады. Девианттық қьшық — қоғамдық нормаларға қарсы қылықтар жүйесі немесе жеке қылықтар. Мұндай қылықтар әлеуметте қоддау табатын (дарындылық, альтруизм, ерлік т.с.с) және әлеуметте қолдау таппайтын болып бөлінеді. Әлеуметті қолдау таппайтын қылықтар — қылмыстық іс-әрекет және жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке, нашақорлыққа бейім қылықтар). Девианттық қылықтар ауытқушы қылықтар. Адамның орныққан құқықты немесе өнегелілік тәртіптерден ауытқитын немесе сол тәртіп ережелерін бұзатын қылықтары.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}