Ауыспалы өтпе толқындар әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ауыспалы өтпе толқындар әдісі (Үлгі:Lang-ru) — ауыспалы толқындар әдісінің толқын өрісінің тік бағыттағы және радиальды бағыттағы құрамбөліктерін тіркеуге негізделген жеке түрі. Техникалық-әдістемелік ерекшеліктері жағынан сынған толқындар әдісіне жақын. Қадағалау жүйесін таңдау мүмкіндігі зерттеу тереңдігімен анықталады, себебі бұл әдіс зерттелген қиманың әр түрлі шекараларынан, солардың ішіндегі ең терең шекарадан туындайтын сынған қума сейсмикалық толқындарды тіркеуге және қадағалап отыруға негізделген. Әдіс мұнайгазды провинциялардағы аймақтық зерттеу барысында платформаның кристалдық іргетасының орналасу жағдайын және шөгінді қабаттардағы шекараларды анықтауға пайдаланылады. Ауыспалы өтпе толқындар әдісінің тиімділігі ауыспалы толқындар табиғатын (ауысу шекаралары, толқындардың қимада таралуының сәулелік сызбасы) анықтау дәрежесінің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Ал өзге толқындар түрі жайлы жеткілікті деректер болмаған жағдайда немесе терең ұңғымаларда арнаулы қадағалау шаралары жүргізілмеген жағдайда ауыспалы толқындар табиғатын тап басу қиынға түседі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}