Ауыз іші шырышты қабығы мен жақ сүйектердің рагы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауыз іші шырышты қабығы мен жақ сүйектердің рагы. Ауыз шырышты қабығының эпителий тканінде пайда болатын қатерлі ісік. Ракауруларының шамамен 10%-ті бет-жақ тұсында байқалады. Ракқа айналуы мүмкін аурулар ракқа айналуға, қатерлі ісіктердің дамуына себепші болады. Қатерлі ісік эпителий тканінің құрылысын өзгертіп, сырқатқа шалдыққан клеткалардың тоқтаусыз жан-жаққа өсумен қатар айналадағы клеткаларды, оның қан тамырларын бұзады. Қан және лимфа арқылы ісік клеткалар бүкіл организмге тарап, кез келгені ағзаларда пайда болады. Ісіктер паренхима (ұлпа) және стромадан( (тірек, тіреу) тұрады. Қатерлі ісіктерді шоғырлануына қарай ерін рагы, тіл рагы ауыз шырышты қабығының рагы, жақ сүйектер ісігі деп бөлсе, құрамына қарай — аденокарңинома (шырышты қабықтың эпителийі мен безден тұратын қатерлі ісік), мүйізденген және мүйізденбеген жалпақ клеткалы рак, одонтогенный (тіспен тектес) рак деп атайды. Сонымен бірге рак пішінінің (формасының) өсуіне байланысты экзофитті, эндофитті және жаралы инфильтратты боп келеді.<ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Medsci-stub