Аумақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Аумақ<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007 жыл. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref> - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен — орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Ауматы су басу

Cу тасу және су тасқыны кезінде немесе бөгет салу салдарынан өзенге таяу жерлерді судың басуы. Ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік деп бөледі.

Аумақтық байланыстар

Географиялық нысандардың арасындағы энергия, ақпарат алмасудан мінетін қатынастар. Олар әрқашан қайықты жеңу арқасында жүзеге асады. аумақтық байланыстардың қарқындылығы - байланыстардың жиілігі — белгілі бір уақыт кезеңіндегі МТ, энергия, ақпарат бірліктерінен немесе олардың баламалығынан (эквивалентінен) байқалады.

Аумақтық дамудың факторы

Тиісті аумақта орналастырылған нысанның орналасу факторы болған ресурс. Ол сол аймақтың даму факторы болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл осы аумақтың құзырлы құрылымының дамуына (немесе өзгеруіне) әсер ететін таксонның ішкі ресурсы.

Аумақтық диффиренция

кеңістіктік дифференциация, географиялық дифференциация - жалпы графиялық термин; географиялық нысандар мен құбылыстардың кеңістіктік аймақтағы оралуандығы. Аумақтық құрылым параметрлерінің ең маңыздыларының бірі. Экономикалық географияда аумақтық дифференциация географиялық еңбек бөлінісімен тығыз байланыста және диалектикалық өзара әрекеттестікте болады.

Аумақтық жүйе

Өзара байланыстағы элементтердің аумақтық жақындығы, барлық кеңістіктік тіркестердің (аумақтық-өндірістік кешен, қоныстану жүйесі, аумактық рекреациялық жүйе және тағы да басқалары) дамуында маңызы зор геожүйенің бір турі.

Аумақтық құрылым, кеңістіктік құрылым

Күрделі геоградаядық нысанның (кеңістіктегі үйлесімді геожүйенің) кеңістіктік анық элементін өзара орналасуы мен өзара байланыстыру. Аумақтық құрылым мен оның эволюциясын зерттеген кез келген географиялык зерттеулердің және мәнді бөлігі болып табъшады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аумақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}