Аударма сөздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:20, 2015 ж. қаңтардың 5 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Аударма сөздік — лингвистикалық (тілдік) сөздіктің бір түрі. Аударма сөздік екітілді немесе көптілді (мысалы, ағылшынша-орысша-қазақша) болып келеді. Аударма сқздіктің негізгі объектісі белгілі бір тілдегі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін екінші тілге тәржімалау. Тұңғыш Аударма сөздік үлгілері еткен ғасырдың II жартысынан бастап жарық көре бастады(Алекторов A. Е., Краткий казахско-русский словарь, Приложение к книге "К мудрости ступенька", М., 1891; БокинТ., Русско-киргизский словарь, Верный, 1913; Катаринский В. В. Краткий русско-киргизский словарь, Оренбург, 1897; Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречии, 4-изд., СПб., 1888-1905). Осы ғасырдың 20-ж. бастап орысша-қазақша сөздіктер жасауға айырықша мән берілді. 1925-26 ж. бірнеше Аударма сөздіктер (Казахско-русский словарь, Қызылорда, 1925; Орысша-қазақша әскерлік атаулары, Қызылорда, 1926), ал 1936 ж. латын әліпбиі негізінде "Қазақша-орысша сөздіктер" ұдайы шығарылып тұрды. Аударма сөздіктің бірнеше түрлері бар: бір тілдің сөздік құрамына, лексикалық байлығына негізделіп, сөздің негізгі мағынасы, семантикалық құрылымы, сөздің грамматикалық тұлғалымар арқылы түрленуі, стильдік ерекшеліктері, сөзтіркесімділік қабілеті, осы сөз дәйек болатын тұрақты тіркестер жан-жақты қамтылатын екітілді сөздіктер; ғылымның белгілі бір саласына қатысты терминдік атаулардың екінші тілдегі баламасы көрсетілетін сапалық терминологиялық сөздіктер\ сөздік құрамының белгілі бір шектеулі бөлігі ғана қамтылатын, арнайы бір топқа (Мысалы , мектеп оқушыларына, тілді жаңа үйренушілерге) арналған тілашар сөздіктер және т. б. Аударма сөздік лексикография ғылымының принциптеріне сәйкес жасалады. Сөздер әліпби тәртібімен беріліп, оның тұсына стильдік белгілер (көне, тарихи, эмоциялық экспрессия) қойылады немесе түсініктемелер жазылады, сондай-ақ техникалық әдістер (таңба-белгілер, курсив, қалың бояулы жазу) пайдаланылады.

Көздеген мақсаты мен ғылым мазмұны жағынан маңызды, әрі елеулі сөздіктердің бірі 1954 ж. шыққан 50000 сөзді қамтитын "Орысша-қазақша сездік" (жалпы редакция басшысы — Н. Сауранбаев). Аударма сөздіктің тағы бір түрі — әр түрлі ғылымдар саласында қолданылатын аталымдар тізілімінен тұратын екітілді (көптілді) салалық терминологиялық сөздіктер. Алғашқы терминологиялық сөздік 1931 жарық керді (Атаулар сөздігі, Қызылорда, 1931). 1952 жылдан бастап салалық аударма терминологиялық сөздік ұдайы шығарыла бастады. Шет тілден қазақ тіліне тәржімалануы негізінде жасалған екітілді Аударма сөздіктің де практикалық маңызы үлкен. Лексикография сапасында "Арабша-қазақша түсіндірме сөздік" (Н. Оңдасынов, А., 1989); "Парсыша-қазақша сөздік" (Н. Оңдасынов, А„ 1974); "Ағылшын-қазақ сөздігі" (С.Ахметова, М.-А., 1960); "Қазақша-ағылшынша сөйлесу" (Ж. Қалиев, Ә. Есентемірова, А., 1966); "Немісше-қазақша сөздік" (М. Тәттімбаева, А., 1977) типтес сөздіктер бар. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты 1989—1990 ж. арасында көптеген екітілдік, көптілдік, терминологиялық, екітілді фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер жарық көрді. Аударма сөздіктер екінші тілді оқып-үйренуге, тілдерді оқыту, үйрету процесінің тиімді жолға қойылуына, сондай-ақ тәржіманың ғылым -практикалық жұмыстарының жоғары деңгейде қалыптасуына игілікті ықпап етеді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}