Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ат қою"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Мәдениет» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Ат қою. "Содан әке-шешесі ырым көріп, жақсы үмітпен қадірлі қонағының есімін қойған дейді"(А.Сейдісбек). Жаңа туған сәбиге лайыкты ат қоюға халық ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін белгілі, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Мәселен:, Қанаштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегізсеріні әдейі шақырып, баласының атын қойғызған, Сонда Сегіз сері Иманжан деп ат қойып "бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар." деп балаға былай деп бата береді: Әнет бидей еліңнің ағасы бол, Халықыңның Қазыбектей данасы бол. Жер,суды жау қалмақтардан қорғап қалған, Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.

Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол, Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол. Керейде Белгібайдай білекті бол, Беріште Исатайдай жүректі бол...

                                                   (Н.Әбуталиев) 

Сол сияқты Кенесары ханның есімін арғынның атақты биі Шоқай қойған. Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғы батырлар мен ақындар, шешендердің де атын қойды. Бірақ өте қасиетті әулие-әнбиелер мен ұлы адамдар есімім қоюға тыйым да салған. Қазақта балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса Шөптібай деп, Наурыз айында туса Наурызбай деп, айт күні туса Айтбай деп те қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді. Көз тимесін деп Тасбике, Башай, Көтенші, Қосқұлақ, Итемген, Күшік деп те қойған. Қазақ дәстүріне ат қоюдың тағы бір түрі бар. Ол-ат тергеу.