Аттарақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аттарақ - аттың түгін тарайтын тарақ, жылқыны баптап, күтуге арналған құрал. Ұзақ жол жүру, алысқа шабу, жүк арту т.б. жағдайларда терлеген жылқыдан бөлінген тұз түгіне жабысып, сор болып кеуіп қалған қалдық пен шаң-тозаңды түсіру үшін аттарақпен тарап тазалаған. Оны көбінесе жалпақ қақ сүйектен жасаған. Ол үшін жіліншік сүйекті ортасынан қақ жарып, ағаштың аша бұтағына шегелеп, қырлы қапталына егеумен бедерлеп, тіс тәрізді жүз салады. Аттарақ жүзінің тереңдігі пышақ сыртындай, яғни 3-5 мм шамасында болады. Сондай-ақ аттараққа құстың ұзын тұмсықтарын (айталық бірқазанның) пайдаланса, ат желдей жүйткитін жүйрік болады деп сенген. Ондай аттарақ түрін қырғыш деп те атаған. Ертеде аттарақтың сандал, жаңғақ ағашынан дүзі жиі жасалған пұшты деп аталған түрі болған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аттарақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}