Атеизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Atom of Atheism-Zanaq.svg
Атеизм символдарының бірі
Сурет:Ephesians 2,12 - Greek atheos.jpg
Грекше жазылған Атеизм сөзі

Атеизм (Ілхад, илхад, Үлгі:Lang-grc — «құдайдан ауытқу»<ref>ἄθεος Henry George Liddell. Robert Scott. A Greek-English Lexicon. revised and augmented throughout by. Sir Henry Stuart Jones. with the assistance of. Roderick McKenzie. Oxford. Clarendon Press. 1940.</ref>, «жікшілдік»<ref>Greek Dictionary Headword Search Results θεός — god</ref>) — жаратылыстан тыс күштерге (құдайға, аруаққа, рухқа, о дүниеге және т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару. КСРО дәуірінде Атеистік насихат күшейді. Ұжымдастыру, тәркілеу және т.б. саяси науқандарда дін иелері жаппай қудаланды, қара халық құранды тығып оқып, "біссімілләні" күбірлеп айтатын халге жетті. "Дін - апиын!" деген сияқты жалаң ұрандар қаптады. Атеистік насихатты қарқынды жүргізу туралы арнайы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында "Ғылыми атеизм негіздері" курстары оқытылды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Исламның атеизмге көзқарасы

Құран түсіндірушілері Ілхадқа Аллаһтың «қасиетті есіміне» кір келтірушілікті, оның қасиетті белгілерін теріс түсіндіруді, т.б. жатқызады. Исламның алғашқы кезеңінде Ілхад термині зандак (қазақша айтылуы зәнталақ, зындық) терминінің синонимі болды, IX ғ-да кез келген «жаңалық» немесе сунниттер ілімімен келіспеудің өзі сунниттік діни қайраткерлер тарапынан Ілхад ретінде бағаланады; Ілхад жасағаны үшін айыпталушыларды малахидтер немесе мулхидун (жекеше түрі мулхид) деп атады. Мулхид термині «қорлаушы», «Құдайсыз» сөздерімен синонимдес жазғыру мәніне ие болды. Қағбадан «қара тасты» ұрлап әкеткен Бахрейн карматтары Ілхад жасаушылар ретінде айыпталды. Қасиетті жер бетіндегі Аллаһ ең жек көретін үш тәртіп бұзушы (мулхидун) туралы хадиске сәйкес сунниттік діндарлар Исламдағы үш «залым бұра тартушыны» анықтауға тырысты. Басқалармен салыстырғанда мұндай «атаққа» өзінің діни көзқарастарының өзгергіштігімен белгілі ибн ар-Рауанди (X ғ-да ө.) «Пайғамбарлардың өтірігі» деп аталатын шығарма жазған танымал дәрігер Әбу Бәкір ар-Рази (912 ж.ө.) және көрнекті прозаик Әбу-л-Ала әл-Маарри (973 - 1057) жиірек танылды. Пікір-сайыстық сипаттағы әдебиеттерде Ілхадқа діни заңдардағы «сыртқы», «айқын» нәрселерден ауытқып, ондағы «құпияларға» құмартуды жатқызды. Мұндай күнә бәрінен бұрын «құпияның шынайылығы» мен «сыртқының алдамшылығын» насихаттаушы сопыларға және дүние сырының «құпия» мәнін білуге ұмтылған исмаилшыларға таңылды, соңғыларды осы күнәлары үшін көбінесе батиншылар және малахидтер деп атады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>