Атбасар жазығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:02, 2015 ж. маусымның 23 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына Атбасар жазығы Ақмола облысының солтүстік-батысындағы эрозиялық-тектоникалық жазық. Атбасар ауданында орналасқан жазық солтүстігінде Көкшетау қыратымен, оңтүстігінде Теңіз жазығымен шектеседі. Ендік бағытта 320 км-ге, меридиандық бағытта 100 км-ге созылған. Жазықтың кейбір тұстары таяз келген көл қазаншұңқырларымен, төбелер және сай-жыралармен тілімденген. Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –18°С, шілдеде 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм. Жазық арқылы Есіл өзені және оның салалары – Қайрақты, Жаман Қайрақты, Жыланды, Жабай, Аршалы, Боқсық, Қалқұтан, т.б. ұсақ өзендер ағады. Сонымен қатар бірнеше таяз келген тұзды көлдер (Қалмақкөл, Салқынкөл, Жаркөл, Баршын, Ұзынкөл, Балықтыкөл, т.б.) кездеседі. Жазықтың басым бөлігінде бетеге, боз, айрауық өседі.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атбасар жазығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}