Ата мұра

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ата мұра — әкеден балаға әалған мал-мүлік, жер, қазына, байлық, бјліп берген енші. Қазақ қауымында ерте заманнан қалыптасқан бүл дәстүр Қасым хан мен Есім хан дәуірінде ресми заң ережесімен бекітілген. Енші алған бала әкесі өлгеннен кейін оның енші алмаған қолындағы баласымен мұраға таласпайды. Мүлік ең алдымен өлген кісінің төлеуге тиісті қарызы болса, соған бөлінеді. Содан кейін жер мен су, мал-мүлік билердің, қалыс адамдардың, заң орындарының анықтауымен енші алмаған балаларға бөлінеді. Мал-мүлікті бөлу кезінде әке өсиеті ескеріледі. Ұлт мәдениеті мен дәстүріне қатысты мүліктер де қымбат мұра ретінде қастерленеді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}