Ата-бабалар дәстүрінде (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ата-бабалар дәстүрінде (көрме)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Cleanup Берік Сәтінбекұлы Әлібай 1964 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданы Қызылсай ауылында дүниеге келген. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген, Қазақстан Дизайнерлер одағының, Қазақстан жас суретшілер бірлестігінің мүшесі болып табылады. Республикалық “Зергер-99” конкурсының “Зергерлік өнерге адалдығы үшін” атты айрықша сертификатының иегері.

Б.Әлібайдың еңбектері Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының, Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музей мен Қазақстан Республикасы алтын және асыл металдар музейінің қорларында, сондай-ақ Түркияның, АҚШ-тың, Малайзияның, Катардың, Францияның, Арменияның және басқа да. мемлекеттердің өнер сүйерлері мен коллекционерлерінің жеке жинамаларында сақтаулы.

Көптеген республикалық, бүкілодақтық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА