Аталық Әбдешұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Аталық Әбдешұлы (13 қазан 1945, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы) - ақын, публицист, сатирик.

Өмірбаяны

  • Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
  • Маңғыстау облыстық телевизиясында аға редактор, облыстық «Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген.
  • 1991 жылдан қазірге дейін (2016 ж.) Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік тіл аудармашысы-сарапшысы болып істейді. Облыстың мемлекеттік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге, қалыптастыруға және қолданылу аясын кеңейтуге лайықты атсалысқан.
  • Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Шығармалары

  • «Мен де бір қазақ:...»
  • «Іздеген бақты ісімнен»
  • "Жарық дүние жымию үшін де жаралған" атты кітапшалары жарық көрген.
  • Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына енген. Оның поэзиялық, сатиралық және публицистикалық шығармалары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып келеді.

Марапаттары

  • «Үздік аудармашы» Тұңғыш республикалық конкурсының жүлдегері.
  • «Бойтұмар» және «Бойтұмардың оралуы» көркем фильмі сценарийінің (режиссер-авторы І.Сәрсенғалиев, А.Әбдешұлы) авторы. Аталған фильмдер «Туымыз – Тәуелсіздік» шығармашылық фестивалінде 1-ші орынға, «Каспий – достық теңізі» Халықаралық фестивалінің Дипломанты атағына ие болған.
  • Адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен
  • «Астанаға 10 жыл»
  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер