Атаксия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:36, 2014 ж. наурыздың 27 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Атаксия (Үлгі:Lang-el — ретсіз) — ағзаның қозғалу функциясының бұзылуы<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>.

Атаксияға шалдыққан адам бойын билей алмай шайқалақтап жүреді. Әрбір қозғалыс бұлшық еттің үйлесімді қатысуынан туады, ал бұлшық еттің жиырылуы жүйке жүйесінен келетін импульстерге байланысты. Демек, Атаксия жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан және ми мен жұлынның зақымдануынан пайда болады.

Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы түріне қарай, Атаксия үш түріне бөлінеді:

  1. сензитивтік - Атаксия жұлын мен органдар жүйке жүйесін зақымдануына байланысты,
  2. мишықтық - Атаксия мишықтың зақымдануына байланысты,
  3. лабиринттік - Мидың ісуінен және онымен байланысты нервтің зақымдануына байланысты пайда болады.

Емі: Атаксия туғызған себептерді жою және емдік физкультура.

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атаксия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}