Асқар Құмарұлы Алпысбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Асқар Алтай (Асқар Құмарұлы Алпысбай) — жазушы, сыншы; «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2001), Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері (1998), «Сорос» қоры сыйлығының лауреаты (1996).

Еңбекжолы

1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында туған. Балалық шағы Күршім, Марқакөл, Қатонқарағай өңірінде өткен. Күршім ауданының Қаратоғай орта мектебін бітірген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1984).

Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, « Жұлдыз » журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған. 2005 жылдан бері «Арда» баспасының Бас директоры.

Әкесі Құмар кең байтақ Алтайдың Ақтау (Мұзтау), Сарытау, Аршаты, Қаражал, Құзғынды, Жайдақ, Марқакөл, Алқабек, Қалжыр, Бөкенбай, Бүйрек, Бұқтырма, Зайсан өңірлерін, Алтайдың Ресейге қарап қалған Шүй жеріндегі ұлы сілемдерді атпен аралатып, елмен жерді тануына ерекше ықпал еткен. Сондықтан да автордың «Алтайдың ал қызыл модағайы», «Аза» (Қайың сауған, ел ауған) романдары, «Қызыл бөлтірік», «Қара бура» повестері, «Қызбейіт», «Дода», «Кержақтың монологы» т.б әңгімелері мен эссе, мақалалары туған жеріне арналады.


Еңбектері

Жазушының «Қыр мен қала хикаялары» (1988, «Санат» ), «Алтай новелласы» (2001, «Өлке»), «Казино» (2008, «Атамұра») кітаптары жарық көрген. Әңгіме, повестері «Повестер мен әңгімелер» (1997, «Жібек жолы»), «Нарық нақыштары» (2003, «Қайнар»), «Қызыл бөлтірік» (2006, «Арда») т.б ұжымдық жинақтарда жарық көрді.

Шығармалары:

Алтай А. Алтай новелласы [Мәтін] : Роман - миф, повесть - притча, новелла / Алтай А. - Алматы : Өлке, 2001. - 292 б.

Алтай А. Казино [Мәтін] : [абсурд әлем новеллалары] / Алтай А. - Алматы : Атамұра, 2008. - 368 б.

Алтай А. Қыр мен қала хикаялары [Мәтін] : Повестер мен әңгімелер / Алтай А. - Алматы : Санат, 1998. - 192 б.

Алтай А. Қыр мен қала хикаялары [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / А. Алтай. - Алматы : Санат, 1998. - 192 б.

Алтай, Асқар. Туажат [Мәтін] : (Тамұққа түскен сәуле). Роман-модерн / А. Алтай // Ақ Ертіс . - № 5.- Б.5-31.

Мерзімді басылым беттерінде:

Алтай А. Анималист жазушы немесе аң-құстың тілін білген... [Мәтін] / А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 2 ақпан.- Б.7. Алтай А. АҚШ консулының тас лақаты. [Мәтін] : [Әңгіме] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 10 наурыз.- Б.

Алтай А. Ақындық туралы ой [Мәтін] : [Өлең] / Алтай А. // Шамшырақ. - 1997. - 22 ақпан.- Б.

Алтай А. Алаштың ұлы перзенті [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 2 көкек.- Б.4.

Алтай А. Алдаспан алаштың ақыны Мағжан [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 22 қазан.- Б.7.

Алтай А. Әбдісалан [Мәтін] / Алтай А. // Алтын орда. - 2005. - 8-14 шілде.- Б.30

Алтай А. Жан әлемің жайдақтанбасын... [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 9 қараша.- Б.6

Алтай А. Бұрқақ өмір,бұлғақ тағдыр [Мәтін] : [Репрессияға ұшыраған Қаржы халық комиссарлары:М.Мырзағалиев,М.Орымбаев,І.Молдажановтар туралы] / Алтай А. // Егемен Қазақстан. - 1997. - 5 ақпан.- Б.

Алтай А. Құм сарыны:романнан үзінді [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1995. - №20 маусым.- Б.(N12).-8-9

Алтай А. Ол он алты жаста еді [Мәтін] / Алтай А. // Семей таңы. - 2005. - 16 желтоқсан.- Б.6

Алтай А. Ұлт әдебиеті және ұлттық таным [Мәтін] : [Әдебиеттегі ұлтшыл ой-сананың қалыптасуы,орнығуы жайлы] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1994. - №25 қараша.- Б.(N47).-4

Алтай А. Роман, роман, және роман... [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 20 сәуір.- Б.4

Алтай, Асқар. Нарқызылдың шабысы [Мәтін] : жазушы Мұхтар Мағауин туралы / А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 19 наурыз.- Б.10.

Алтай, Асқар. Туажат [Мәтін] : (Тамұққа түскен сәуле). Роман-модерн / А. Алтай // Ақ Ертіс . - № 5.- Б.5-31.

Алтай А. Егемен ел туралы елеулі еңбек: "Намыс найзағайы" романын оқығанда туған ой [Мәтін] /

Алтай А. // Түркістан . - 2010.- 30 қыркүйек (№ 39). - 8

Алтай А. Дық [Мәтін] / А. Алтай // Абай. - 2011. - №2.- Б75-87.

Алтай А. Төребейіт [Мәтін] / А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2011 - 28 қазан.- Б. 9.

Алтай А. Шурави [Мәтін] / Алтай А. // Егемен Қазақстан . - 2012.- 24 қаңтар (№ 27/32). - 15

Асқар Алтай туралы:

Таңжарықова А.В. Асқар Алтайдың "Алтай новелласы" атты роман-мифіндегі фольклорлық сарындар [Мәтін] / Таңжарықова А.В. // Қайнар" ун-тетінің хабаршысы = Вестн. ун-та "Кайнар" . - 2010. - № 4/2.- Б.106-110 б.- Библиогр.: 5 атау.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА