Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (top: clean up, replaced: Туылған → Туған (2) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:39, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев (1972 жылы 2 тамызда РКФСР Орынбор облысында туған) - қоғам және мемлекет қайраткері, "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК АҚ төрағасы.

Анасы-Жумағалиева Екатерина Олжабекқызы (1948 жылы туған), кәсіпкер.

Свердлов Суворов ескери училищесін; Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін; қаласы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің техника факультетін (1996) радиобайланыс, радиотарату және теледидар мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң академиясының заң факультетін (2002) «Заңтану» мамандығы бойынша; Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын (Есоіе Роіуіесһпідие Ғесіегаіе сіе Іаизаппе, Лозанна қаласы) электрондық басқару жөніндегі шебер мамандығы бойынша бітірген.

30-дан астам ақпараттандыру мен байланыс салаларын реформалау және техникалық дамыту жөніндегі жарияланымдардың авторы.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.

1996 жылдан - «Жарық» ЖШС директоры.

1998 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі РЧС жоспарлау секторының меңгерушісі .

1999 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Келіктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.

2000 жылдан - «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы (ТТБ-орталығы)» РМК-да жұмыс істеген.

2001 жылдан - ҚР Көлік және комму-никация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары.

2003 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары,

2005 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары,

2006 жылдың қаңтарынан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.

2006 жылдың қазанынан - «Қазақтелеком» АҚ президенті,

2007 жылдан - басқармасының төрағасы.

2010 жылдың наурызынан - ҚР байланыс және ақпарат министрі.

2015 жылдың 6 мамырынан - «ҚазАтомӨнеркәсіптің» төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Ю.А. Гагарин атындағы медальдармен (2005); «Құрметті байланысшы» белгісімен (2005) марапатталған.

Діни көзқарасы - «Басқа діндерге төзімділікпен және сыйласыммен қарау, мемлекеттің діни саясатына халықтың қалыптасқан ұлттық-мәдени құндылықтары шегінде қолдау жасау».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш. де Голль, Т. Рузвельт.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан экономикалық және саяси дамудың өзіндік моделі негізінде, демократия мен әлеуметтік әділдіктің жалпы қабылданған халықаралық принциптерін есепке ала отырып, серпінді турде дамиды».

Хоббиі - кітаптар, спорт.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті