Асқар Қожабергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқар Сейдахметұлы Қожабергенов (туған жері — Жетісу өңірі) —Қазақ КСР кезінде Алматының «Қайрат» футбол клубында ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен белді ойыншыларының бірі, қорғаушы. 1992 жылы «Қайраттың» сапында Қазақстан чемпионы. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық құрамасында да ойнаған үздік футболшылардың бірі. «Қайрат» пен Қазақстан құрама командасының капитандық белгісін қатар алып жүрді. Футболдағы мансабын 1999 жылы «Қайратта» жүріп аяқтады. 2010 жылдан бері Асқар Сейдахметұлы Талдықорғанның «Жетісу» клубының басшысы әрі бапкері…

Сурет:Coach askar.jpg
Футболшы кезі

Бапкер болып қалыптасуы

Дмитрий Огай екеуінің ұзақ жылдық достығы бар. Кезінде «Қайрат», «Тараз» сияқты клубтарда бірге ойнады. Огайдың ұсыныссымен оған көмекші болып 2000 жылдан қызылжарлық команда жұмыс істеген. Дмитрий Огаймен екеуі он жылдай бірге жұмыс істеді. Олар жаттықтырған «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Тобыл» командалары жүлделі орыннан түскен жоқ. Тек, 2009 жылы ғана «Тобыл» ел чемпионатында төртінші орын алып қалды. Сол жылы Асқар мен Дмитрий «Тобылдан» өз еркімен кетті. Төрт айдан кейін Қаскелең қаласының «Сұңқар» клубына бас бапкер болып бекітілі.

Бапкерлік сырды футболшы болып жүргенде Тимур Сегізбаев, Құрбан Бердыев, Леонид Остроушко, сынды бапкерлерден үйренген. «Бұлардың ішінде Құрбан Бердыевтің орны мен үшін ерекше. ...1984 жылы «Қайратың» сапында Құрбан Бердыевпен бірге алаңға шықтым.. Кейіннен ол үлкен спортпен қоштасып, бапкерлікке бет бұрды. 1995 жылы «Қайратты» жаттықтырған кезде де Құрбан Бердыевтің қасында болдым.» - дейді Асқардың өзі.<ref>Асқар Қожабергенов, «Жетісу» футбол клубының директоры: «Бапкерлікті Бердыевтен үйрендім»</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Бапкерлік мансабы

2010 жылы Жетісуға ауыспай тұрып Бірінші лигада «Сұңқардың» бас бапкері болды.

Дереккөздер

<references/>