Асық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:38, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Асығың алшысынан түссін.jpg
Асықтың алтынмен жалатылған мүсіні

Асықтөрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінд болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.

Сурет:Асық ойнау.jpg
Асық ойнап жатқан балалар анимациялық бейнесі
  • Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.
  • Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.
  • Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
  • Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
  • Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
  • Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
  • Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.
  • Табан – асықтың тәйке жағы.
  • Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.
  • Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.
  • Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.


Асық түрлері

  1. Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. "Кішкентай" сөзі "Кіші" және "кентай" сөздерінен шыққан.
  2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.
  3. Ешкімер - ешкінің асығы.
  4. Қойлақ - қойдың асығы.
  5. Құлжаз- құлжаның асығы.
  6. Топай, сомпай - сиырдың асығы.
  7. Шүкейт - киіктің асығы.
  8. Пүш- тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық. "Пұшайман болу" деген сөз осыдан шыққан.

Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы. Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы.<ref>А.Құралұлы Ұлттық Дүниетаным 2. 2002 жыл. ISBN 5-89840-401-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:References