Астана қаласының Бас жоспары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:47, 2017 ж. ақпанның 18 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Компания

Сурет:Astana SPOT 1110.jpg
Астана қаласының жасанды жер серігінен түсірілген суретті

Астана қаласының Бас жоспары (толық атауы "Астана қаласының 2030 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары" Үлгі:Lang-ru қысқаша Генплан г. Астаны) — Астана қаласы тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздігін, табиғи және мәдени мұраларын сақтау мақсатында жасалған қаланың сәулет-құрылыс жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

Қаланың сәулеттік тұжырымдамасын әзірлеуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді.

«Астана қаланың Бас жоспарын» жасауға халықаралық бай­қау жарияланып, байқау нәтижесінде жапон сәулетшісі Кишо Курокаваның (Үлгі:Lang-ja) арнайы жасаған жобасы қабылданды.

Астана символы - Бәйтерек Норман Фостердің қолтаңбасы.

Жоба барысында жүзеге асқан «Бейбітшілік пен келісім сарайының» мен «Хан шатыр» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николеттидің туындылары.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Мазмұны

«Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу — жобалау институты» ЖШС

Сурет:Астана қаласының Бас жоспары ғимаратының алды.JPG
Астана қаласының Бас жоспары ғимаратының алды

Астана қаласының Бас жоспарымен «Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу — жобалау институты» Мемлекеттік Комуналдық Кәсіпорыны (немесе ЖШС) айналысады. Институттың директоры — Баир Досмағамбетов, бас сәулетшісіБақтыбай Тайталиев. Мекеме 2030 жылға дейiн Астана қаласын дамытудың аймақтық жоспарына түзету енгiзу жобасын әзiрлеп бекiттi. Сонымен қатар қала маңы аймағының құрылысын жоспарлау кешендi сызбасын әзiрлеген. Астана әкiмшілігінің тапсырмасымен түбегейлi жоспарлау жобаларын дайындаумен айналысады. Мәскеуде өткен "Сәулет-2012" халықаралық фестивалінде мекеме ұсынған Астана Бас жоспары жобасы Халықаралық архитекторлар одағы мен Халықаралық архитекторлар академиясының үлкен алтын дипломымен мараптаталды.<ref name="Елорда сәулеті"> Елорда сәулеті. Алдан Смайыл, Аманжол Чиканаев, Артур Мельников. — Астана: Фолиант, 2007. — 236 бет. ISBN 9965-35-129-5Үлгі:Ref-kzҮлгі:Ref-ru</ref>

Бас жоспар авторы

Болашақ Астана қаласының Бас жоспарын жасауға тұңғыш халықаралық байқау жарияланып, әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жіберген жүздеген жобалар сараптаудан өткізілді. Конкурсқа көптеген елдердің сәулетшілері өз жобаларын ұсынды. Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция, Германия, Ресей, Финляндия, Корея, Болгария, Пәкістан, Польша, Чехия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Латвия сияқты елдерден 50-ден астам жоба түсті. Барлық жобалар Конгресс-холлға қойылды, олармен әркімнің танысуына толық мүмкіндік туды. Ұсыныстар топтамасының ішінен халықаралық конкурстың шарттары мен талаптарына жауап бере алатын 27 жобалық әзірлеме беделді қазылар алқасының қарауына іріктелді. Сөйтіп, конкурс қорытындысы бойынша жапон концептуалисі Кисе Курокаваның (шын аты Нориаки) жетекшілік ететін Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон агенттігінің зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласының бас жоспарының жобасы қабылданды. Кисе Курокава (Үлгі:Lang-en) Халықаралық Астана Әуежайы Амстердам қаласындағы Ван Гог мұражайы, Куала-Лумпурдың халықаралық әуежайы, Осака қаласының Ұлттық-экологиялық мұражайы, Болгариядағы «Витоша» қонақүйі, «Sony» корпорациясының мұнарасы сияқты жобалардың авторы.

Үлгі:Cquote

Курокаваның айтуы бойынша ол Астананы дамытудың Бас жоспарының негізіне жаңа философиялық көзқарасты тұғыр еткен. Оның тұжырымдауынша: Үлгі:Quotation

Астананың бүгінгі келбеті – бұл жапон сәулетші Куракаваның пәлсапалық түсініктері. Бұл түсініктер үш тұғырға орныққан: біріншісі – қала мен табиғаттың етене өмір сүруі (симбиоз), екіншісі – өзгеру мүмкіндіктері, үшіншісі – абстрактылы символизм, яғни, қабылдауға түсінікті геометриялық фигуралар. Барлық жобаларда түпнұсқалық пен өзіндік келбетке баса назар аударылады.

Кез-келген қаланың бас жоспары 20-25 жылға есептеледі. Астана қаласының әкімшілігі де осы ұстанымды таңдады. Өйткені, бас жоспардағы кез-келген өзгерістер алдағы тәжірибеде оңай ауысуы қажет.<ref> Үлгі:Cite web </ref>

Қала құрылысы доктринасының нақ осындай үлгісі тұңғыш рет Астана қаласы құрылыс алаңдарында тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады. Н. Назарбаев тапсырмасымен қазақстандық архитекторлар «Астана қаласының Бас жоспарына» уақыт өте келе өзгерістер мен тың жаңалықтар енгізді. Бұл орайда өңірдің экологиялық жүйесімен қала құрылысының бірегейлене салынуына басты назар аударылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің табиғи жағдайларын, ауа райының құбылмалылығын ескере келіп, қала маңында жасанды орман алқабын қалыптастыруды күн тәртібіне қойды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Бас жоспардың дайындалуы

Бас жоспардың алғашқы нұсқасы

Бас жоспарды дайындау үшін қазақстандық сәулетшілер тобына (Б. Досмағанбетов, С. Баймағанбетов, Қ, Монтақаев, Т. Ералиев, С. Рүстембеков, С. Жүнісов, Е. Мұхаметшина, Л. Нысанваева, В. Гладких, В. Тоскин) 1996 жылы тамсырма берілген. Сонымен бірге қаланың дамытудың басқа да, барынша ұтымды, бірегей бастамаларын қарастыру үшін, Ақмоланың (қазіргі Астана) Бас жоспары тұжырымдамасының түрлі нұсқаларын дайындауға конкурс жарияланды. Конкурста қазылар алқасы «Ақмола – Алматы» жобалау-құрылыс компаниясы шығармашылық тобының эскиз-идеясына бірінші орынды лайық деп тапты. Екінші орынға Қарағанды қаласы сәулетшілерінің шығармашылық тобына берілді.

Үкімет жаңа елорданы тез арада халықаралық стандарттарға сай қалаға айналдыру керек деген тапсырма берді. Осыған байланысты үкіметте қала салу жобасының барлық қажетті формалды үрдістері мен дайындалу мерзімін, ұйғарымдарын сақтау үшін құрылыс жұмыстарын бірнеше жылға тоқтата тұру керек немесе қала салу жобаларының аяқталуын күтпей қаланы дамытудың Бас жоспарынсыз-ақ, тез жылдамдықпен үлкен аумақта жорамалдап құрылыс сала беру керек деген таңдау болды.

ҚР Үкіметінің Қаулысы мен Қазақстанның жаңа астанасын дамытудың Бас жоспарын дайындайтын шығармашылық топ дайындалды. Оның құрамында Б. Досмағанбетов (шығармашылық топ жетекшісі), С. Баймағанбетов, С. Үрістембеков, Т. Ералиев, Қ. Монтақаев, бар еді. ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде Астана қаласы Әкімінің өкімімен авторлар ұжымының базасында құрылған «Ақ-Орда» жобалау-құрылыс компаниясына бірінші орын иеленген конкурстық жоба ережелерін басшылыққа ала отырып, тез арада өзінің тұрған аумағында 2005 жылға дейінгі кезеңдегі қала салудың бірінші кезекті маңызды міндеттерін шешу жобасын дайындау тапсырылды.

Бас жоспардың жекелеген тарауларын жүзеге асыру мақсатында авторлық ұжым құрамына Е. Қайыргелдинов, Б. Тайталиев, А. Чиканаев, Б. Қонысбаев, А. Фисенко, В.И. Швец және т. б сәулетшілер кіргізілді. Осы сәулетшілер ұжымы дайындаған Бас жоспар астана тұрғындары санының болжамдық есебіне негізделді. Ол барынша кең тараған және кеңестік қала салу тәжірибесінде базалық болып есептелетін еңбек баланысы тәсілі бойынша орындалған болатын. Бұл есеп бойынша 2005 жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 350 мың адам шамасына жетуі тиіс еді. Авторлар бас жоспардың негізгі тарауларын көрсете отырып, қала құрылысының бірінші кезектегі міндеттерін шешуге талпыныстар жасалды.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту тұжырымдамасы мынадай идеялардан көрініс тапты:

1. Қаланың аумақтық дамуы тек батыс және шығыс бағыттарға ғана емес, сонымен қатар оңтүстікке, Есіл өзенінің сол жағалауын қарай да жүргізілуге тиіс.

2. Есіл өзенінің сол жағалауын астаналық үкімет-әкімшілігі орталығы мен көп қабатты тұрғын үй құрылысының жаңа ауданын құру мақсатында пайдалану.

3. Су айдынын қаланың сәулеттік композициясы ретінде пайдаланып және жағалауына көркем ансамбльді көпқабатты құрылыс жүргізе отырып, өзен арнасын қаланы дамытудың өзек-сызығына айналдыру.

Осылайша авторлар «Ленгорстройпроект» сәулетшілері дайындаған, қаланы дамытудың кезеңді жоспарлы тұжырымдамасынан саналы түрде бас тартып, өзеннің биік, су тасқыны алмайтын оң жағалауы бойынша Астана қаласын аумақтық-жоспарлы дамыту сызбасы таңдады. 2000 жылға дейін осы жоба қала аумағында құрылыс пен қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде саналып келді.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Кишо Курокованың дайындаған Бас жоспардың негізгі нұсқасы

Алайда 1998 жылы әлемдік сәулет шеберлерін тарта отырып, Астана қаласының Бас жоспарының эскиз идеясын дайындау үшін ашық конкурс өткізу қажеттілігі белгілі болды. Конкурсқа Еуропаның, Азияның және Австралияның 19 елінен танымал сәулетшілер, сондай-ақ ТМД елдері мен Қазақстаннан шығармашылық ұжымдар қатысты. Белгілі жоғары халықаралық қазылар алқасы, әлемдік деңгейде танымал теоретик және қазіргі сәулет шебері К. Курукованың шығармашылық ұжымын конкурс жеңімпазы, олар ұсынған жобаны үздік деп тапты. Конкурс аяқталғанан кейін К. Курукова Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жұмысына жетекшілік етті.<ref name="Астана: Энциклопедия"/> Жұмыс Жапон үкіметінің грантына Халықаралық әріптестік бойынша Жапон агентігі (ХӘЖА) мен Астана қаласын дамыту Корпорациясы арасындағы келісімнің негізінде орындалды.

Зертеу тобы 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың мамыры аралығында материалдар жинау мен Астананың қала салуға ыңғайлылық жағдайын тексеру бойынша қажетті алқаптық зерттеу жұмыстарын жүргізді. ХӘЖА зерттеу тобы жүргізген болжамдық есеп бойынша, Астана тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 800 мыңға, ал 2010 жылға қарай 490 мың адамға жетеді. Бұл орайда К. Курукава қалалар дамуының негізгі көрсеткіштеріне болжам жасай отырып, жалпы әлемдік адам санының өсуінің орташа статистикалық жеделдігін және экономикалық мүмкіндіктер мен ірі қалалар құрылысының өсу қарқынын да негізге алды. Соның ішінде, қала тұрғындарының болашақтағы санын болжау үшін, олар Қазақстан қоғамы мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына және мүмкіндіктеріне де болжаммен қарап, оларды өзара байланыстырып, экстраполяцияның теңгерімдік әдісін пайдаланды. Астана қаласын дамытудың дайындалған Бас жоспарымен белгіленген тәртіп бойынша, сарапшылар мен мамандар танысып шығып, оны 2001 жылы 15 тамызда ҚР үкіметі бекітті.

Доктор К. Курукава дайындаған Бас жоспардың негізінде симбиотикалық қалалардың философиялық доктринасын енгізді. жапон сәулетшісінің пікірі бойынша, XXI ғасыр қала құрылысының алдында тұрған негізгі құнды бағдарлар мен міндеттерді қайта құруды талап ететін жаңа талаптармен әйгіленді. Ғаламшардың экожүйесі енді адамдар өндіріп жатқан техногендік және антропогендік салмақтың тоқтаусыз өсуіне төзе алмайды. Қалаға шоғырлану үрдісінің тегеуірінді екпін алуы, тұрғындардың жаппай көлік иеленуі, техникалық прогресс пен өндірістік эволюция қарқынының артуы табиғат кешенін бүлдіру мен құлдырату үрдісіне кері шегінбес сипат беріп отыр. Өсіп келе жатқан мегаполистер мен қаладан шығатын қалдықтар жиынтығы, миллиондаған гектар табиғи орман легінің жыл сайын жаңарып отыратын ауыл шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы, құбырдан шығатын қалдық судың өзендер мен көлдердегі негізгі таза ауыз суға құйылуы, оларды бүлдіріп, өзінің арнасына айналдыруы табиғи тепе-теңдікті бұзудың қуатты факторы болып табылады. Осылардың барлығы XXI ғасыр адамзаттың алдына қызметтің барлық түрін, соның ішінде қала салуды жаңа жүз жылдықтағы ең өзекті және өткір мәселесі ретінде экологиялық әдіс пен қадамдарға ауыстыру міндетін қойып отыр. Осылай философиялық-теориялық пайымдауларды негізге ала отырып, доктор К. Курукава XXI ғасырда қалыптасқан қала салудың теориясы мен тәжірибесін қайта қарап, экологиялық стандарттар мен талаптардың аясында уақыттың қатал сынына жауап бере алатын қала салудың қағидалары мен тәсілдерін дайындау керек деп есептеді. Доктор К. Курукава Астана қаласының Бас жоспарын тұжырымдамасын дайындағанда өзінің философиялық ой-тұжырымдарын тәжірибелік тәсілмен іс жүзінде көрсетуге талпыныс жасады.

Бас жоспардың негізгі ережелері К. Курукаваның сәулетке қатысты ойларының космологиялық теориясына тән мынандай басты үш санатқа негізделді: <<симбиоз (сабақтастық)>>, <<метаболикалық қала (зат алмасып тұратын)>> және <<абстрактілі символизм>>. Кишо Курокаваның қала салу тұжырымдамасының теориялық платформасы қаланы көшелер салып, әдемі ғимараттар орналастыратын аумақ ретінде ғана емес, жерді, ауаны, суды пайдаланатын, осыған сәйкес өз тіршілігінің талабы бойынша сыртқа өнім (қалдық) шығаратын тірі организм ретінде тануымыз керек деген айқын пікірдің төңірегінде тұжырымдады.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Осылардың барлығы өзінің төл заңдары бойынша табиғи жолмен жүзеге асып отырады. Осы екі тірі организмнің тіршілігіндегі тепе-теңдіктің сақталуы және қалалардың қарқынды түрде өсуі мен дамуы барысында бүліну мен құлдырау көрсеткіштерін болдырмау мәселесі — XXI ғасырдағы қала салудың жаңа базалық қағидасы ретінде сарапшылар мойындаған К. Курукаваның қала салу теориясындағы негізгі өзек болатын. Табиғат пен қаланың сабақтастығы, қаланың ескі және жаңа бейнесінің өзара сабақтастығы, көлік пен адам арасындағы сабақтастық — үнемі диалектикалық өзара қарама-қайшылықта болатын тараптардың негізгі жұбы. Сәулетші оны Астана қаласының Бас жоспарын дайындау барысында да қарастырған. Бұл шешімнің мәні қала секілді табиғат экожүйесінің де үйлесімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, қаланы салу шараларының бүтіндей жүйесі болып табылады. Соның ішінде, ол суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде өзен арнасын бойлай ені 300 метр парк өсірудің аса қажет екенін басты мәселе етіп қояды.

К. Курукава қаланың экологиялық саулығын қамтамасыз ететін қала салу шараларының аясында, Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын бойлай эко-дәліз қалыптастырумен бірге, Астананың айналасына эко-орман өсіруді де қажет деп есептеді. Бұл орман Астананы жазғы құрғақшылықтан, қысқы аяздан, бораннан сақтайды яғни қала климатын жұмсартады және ондағы ортаның жайлылығы мен көркемдік сипатын арттырып отырады. К. Курукаваның экологиялық қала салу бастамасын президент қолдады, сонымен қатар оны дамытты: солтүстік бағытта курорттық аймақ Бурабайдың табиғи орман жыныстарына ұласқанға дейін эко-орман отырғызуды жалғастыруға тапсырма берді.

Жаңа мен ескінің байланысын, қалалық ортадағы тарихи-мәдени құндылықтарды айғақтайтын нысандардың сақталуын, оларды қаланың жоспарлы құрылымына органикалық еңгізуді К. Курокава алдағы міндеттердің қатарында жеке бөліп алды және оны Астананың қайталанбас сәулетік кескінін қалыптастыруда қаланың айқын мәнері мен өзіндік келбетіндегі жетістіктерді қамтамасыз ететін шарт ретінде қарастырды. Осы мақсатпен К. Курокованың шығармашылық тобы қаланың тарихи мұраларымен танысып шығу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соған сәйкес жобалық ұсыныстар дайындады. Жапон сәулетшісінің пікірі бойынша жаңа астана әрі қарай дамуға бейім болу керек. Бұл орайда, қысқа мерзімді (ауыстырылып отыратын) элементтерден тұратын ұзақ мерзімді құрылымның бір мезгілде динамикалық өсуі мен өзгермелілігінің өзара үйлесімді қағидаттары бойынша қаланы дамытудың өзгермелі (жетілдіріліп отыратын) жоспары ұсынылды.

Жаңа астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру кезінде доктор К. Курокова абстарктілі символизм әдісіне сүйенуді ұстанды. Оның пікірі бойынша, бұл тәсіл қалада халықтың мәдени және дәстүрлі мұраларының бейнеленуіне, сондай-ақ халықаралық қала бейнесінде үйлесімді суреттелетін қала ландшафын құруға мүмкіндік береді. Абстарктілі символизм тәсілінің мәні Қазақстанның дәстүрлі мәдени символдарын абстарктілі түрде білдіретін, түсінікке жеңіл қарапайым геометриялық фигураларды пайдалану болып шығады. Соның ішінде, көшпелі халық ұғымында белгілі бір мәнге ие, олардың өрнектері мен киімдерінде жиі пайдаланатын үшбұрыштар, конустар, сопақ және жартылай сопақ формаларды қолдану ұсынылды.

Бас жоспардың тағы бір нұсқасын 2000 жылы араб елдері, еуропа және америка сәулетшілерінен құралған ‹‹Дар әл-Хандасан›› фирмасы дайындаған Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жобасы ұсынылды. Жоба бастамашылық негіздегі қазақстанға қайтарымсыз сый ретінде жүзеге асырылды. Жоба 2001 жылдың 15 тамызына дейін қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде пайдаланып келді де, <<ХӘЖА зерттеу тобы >> дайындаған Бас жоспар бекітілгенен кейін қызметі тоқтатылды.

К. Курокованың жетекшілігімен дайындаған Бас жоспарды жақын арада қайта қарауға тура келді. Оның басты себебі Қазақстанның экономикалық даму жылдамдығы мен тұрғындар санының өсу қарқыны және астана құрылысы бойынша орындалатын жұмыс көлемінің артуында еді. Бұл <<ХӘЖА зерттеу тобының >> болжамынан асып түсті. 2002 жылдың соңына қарай Астана қаласының тұрғындар саны 2010 жылға жоспарланған көлемінен де асып кетті. Тұрғындар саны қала өмірін қамтамасыз етуші жүйенің қуатын айқындайтын негізгі базалық көрсеткіш болғандықтан тұрғын-үй мен әлеуметтік-мәдени құрылыстың ауқымы сол көрсеткіш арқылы жоспарланады. Сонымен қатар тұрғындар санына шаққандағы Аймақтық жалпы ішкі өнім (АЖІӨ) маңыздылығы кем емес базалық көрсеткіш болып табылады. Астана қаласының АЖІӨ 2006 жылдың өзінде доктор К. Курокованың 2030 жылға жасаған болжамынан екі есеге асып түсті. Осыған байланысты орындалатын құрылыс жұмыстарының ауқымы Бас жоспарда қарастырылғаннан бірнеше есеге асып түсті. Қаланы қалыптастыру барысында барынша жоғары дәрежелі өмірлік стандарттарға сәйкес қоғам мүмкіндіктері мен тұтыныстардың өсуі, екінші жағынан, қаланы болашақ дамытудың базалық көрсеткіштері өлшемінің сапалық жаңа деңгейге көтерілуі, қолданыстағы Бас жоспарға жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктердің дамуына лайықтап, тиісті түзетулер мен толықтырулар еңгізудің қажеттігін көрсетті.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Осы орайда жаңа астананың негізі қаланғаннан бергі 10 жыл ішінде Астананы дамытудың Бас жоспарының Үлгі:Bg қайта қаралды.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Астана қаласының Бас жоспарының түзетілуі

Астананы дамытудың Бас жоспары жобасы қайта қаралғанда, онда болашақта орнығуы тиіс тұрғындар санын анықтау бойынша көбіне қателіктер жіберілгенін ескере отырып, Қазақстанның мамандандырылған зерттеу ұйымына, тиісті демографиялық зерттеулер жүргізіп, 2030 жылға дейінгі кезеңде қала тұрғындарының сандық өсімінің ғылыми негізді болжамын жасауды тапсыру туралы шешім қабылданды. Ғылыми негізді демографиялық болжамдарды дайындауға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚАРМУ) мен Қазақстан Экономика және болжау менежментті институтының (ҚЭБМИ) зерттеу тобы қатысты. Олардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 1 млн 200 мыңға жетуге тиіс. Астананың тұрғындары өсімінің демографиялық болжамын, демографиялық жобалаудың когортты тәсілін пайдалана отырып зерттеу жүргізді. 2005 жылы қазан айында ҚЭБМИ зерттеу тобының есептік көрсеткіштеріне сәйкес қазақстандық сәулетшілер арасында Астананың жоспарлы құрылымы мен құрылысын әрі қарай дамыту тұжырымдамасын дайындауға конкурс жарияланды. Қазылар алқасы қала құрылымын жоспарлау ұйымының жаңа тұжырымдамалық қадамына негізделген Астана құрылысын дамыту тұжырымдамалық идеясын жеңімпаз деп таныды. Авторлар жапон сәулетшілер тобы дайындап, ҚР Үкіметі бекіткен қала сызбасынан мүлде өзгеше, өздерінің түбегейлі жаңа идеяларын Астананы болашақ дамытуға жұмсауға тырысты. Соның ішінде, олар қала аумағын, бірегей дөңгелек формалы, ұзындығы 46 шақырым қуатты көлік-байланыс эстакадасымен (шеңберлі) белдеулендіру ұсынды. Эстакада да негізгі магистральды-инженерлік желілерді, қала өмірін қамтамасыз ететін жүйелер нысандарын шоғырландыруды және екі деңгейлі көлік қатынас жолын салуды ұсынды. Шеңберлі эстакаданың жұмыс істеуіне қажетті экономикалық жағынан өз-өзін ақтайтын, ыңғайлы жағдай қалыптастыру туралы ойлардың негізінде, авторлар шеңбердің периметрін бойлай жоғары бағалы құрылыстарды шоғырландырып, мұнда барлық энергиялық және ресурстық сыйымды өндірістік кәсіпорындарды жинақтау керек деп есептеді. Қала басшылығы авторлар тобына қазылар алқасы таңдаған қаланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Бас жоспарға түзетулер еңгізуді тапсырды.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Алайда Н. Назарбаев қазақстандық сәулетшілердің көзқарастарында бірауыздықтың жоқтығын ескеріп, Астана қаласының Бас жоспарын 2007 жылы әлем архитектурасындағы барынша беделді шеберлердің халықаралық сараптауына жіберу туралы өкім шығарды. Осы жылдың қараша айында халықаралық сарапшылар Н. Назарбаевқа сараптамаға ұсынылған жобалық материалдарды талдау қортындысы туралы мәлімдеді. Халықаралық сарапшылар жаңа жобаны қаланы дамытудың айқын мәселелерден алыс таптауырын болған түсініктегі формалды және композициялық тәртіпте үстірт дайындалған деп тауып, оның шешіміне теріс баға берді.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Қалыптасқан жағдай байсалды және ұтымды шешімді қажет ететін еді. Танымал сәлетшілер жетекшілік еткен шығармашылық ұйымдар дайындаған Бас Жоспардың өзі де барлық көркем-композициялық фантазияның тереңдігі мен сұлулығына қарамастан, тез арада ескіріп қалатын, сөйтіп қалыптасқан жаңа жағдайлар мен мүмкіншіліктерге сәйкес келмегендіктен, өзгертулер мен жекелеген түзетулер енгізуді талап етіп отыратынын мойындауға тура келді.

ХХІ ғасырдағы қоғам мен техникалық прогрестің қарқын алу жағдайына байланысты дамушы ірі қалалардың Бас жоспарларын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары ғылыми негізде жүргізуі керек деген тұжырым жасалды. 2006 жылғы осы қортындыдан кейін 2007 жылы <<Астанабасжоспар>> жобалау институтының базасында Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты құрылды. Бұл институт қызметі Астан қаласынынң қолданыстағы Бас жоспарына ғылыми негізделген өзгертулер мен түзетулер енгізуді, сонымен қатар қаланы жобалаудың жаңа нормативті базасын дайындауды, Астананы болашақта қала салу ісі бойынша дамытудың ғылыми қолдаулары мен ұсыныстарын дайындауға қажетті зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын болып белгіленді. Астананың ғылыми негізде, жүйелі және бірізді қала салу жолымен дамуын реттейтін құжаттарды дайындаумен қайтадан құрылған Астана қаласы Бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты айналысатын және оған барлық жауапкершілік жүктелетін болып шешілді. Бас жоспарды дайындау мен түзетулерге байланысты қиындықтардың бәріне қарамастан қала құрылысы осы жылдар ішінде бекітілген жалпы қала салу стратегиясын, бірізділік қағидалары мен сабақтастықты сақтай отырып кең ауқымда және жылдам қарқынмен дамыды.<ref name="Астана: Энциклопедия"/>

Астана қаласының жоспарлық құрылымы

Бас жоспарда негізгі жоспар құрылымын қала өсуі бағытына қарай ірі транспорттық магистралдар арқылы 6 жоспарлық райондарға ұйымдастырылу қарастырылған. Үлгі:Толықтыру

Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

Тұрғын үй ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары тұрғын үймен орташа қамтылуды 2030 жылға қарай бір адамға 30 шаршы метрге, сонымен қатар, барлық тұрғын үй қорын 37,2 млн шаршы метрге дейін жеткізуді көздейді.

Құрылыс:

  • бос аумақтарда – 8,9 мың га;
  • тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу және қазіргі құрылыстың арасын жиілету арқылы қайта жаңартылатын аумақтарда – 2,7 мың га жүзеге асырылады.
  • Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі барлық кезеңде тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 19,4% құрайды.

Астана қаласының тұрғын аумағын қайта жаңарту және дамытудың басым бағдарламалары:

  • қаланың магистраль маңы аумақтары, орталық жоспарлау ауданы, қалалық қоғамдық тораптары және басқалары жоғары қарқынмен пайдаланылатын құрылымдық бөліктеріндегі тығыздылығы төмен қазіргі құрылыс аудандарын қайта жаңарту;
  • аяқталмаған құрылыс объектілерін аяқтау және қалыптасқан құрылыстан тыс қаланың бос аумақтарында тұрғын үй кешендерін

қалыптастыру;

  • күрделі жөндеуді, қайта жоспарлауды, амортизацияланған қорды бұзуды және кешенді абаттандыра отырып, биік ғимараттардың (18 қабат және одан да жоғары) жалпы алаңының 1,0 млн шаршы метр көлемде жайлы тұрғын үйдің жаңа құрылысын жүргізуді қоса алғанда, жалпы құрылыс аудандарын (60-80 жылдары және одан кейінгі құрылыстар) кезең-кезеңімен қайта жаңғырту;
  • сәулет-кеңістіктік аяқтау және осы аудандарда қоғамдық аймақтар мен орталықтар жүйесін қалыптастыру.

Бас жоспарда 2030 жылға қарай қызмет көрсетудiң әлеуметтік-кепiлдi минимумының мекемелерімен қамтамасыз етiлудің нормативтік көрсеткіштеріне және қалалық маңызы бар объектілерді дамытудың нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтiк-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтiк саланы дамыту жоспарланған. Бұл ретте, қаланың қызмет көрсету қорының шамасын жалпы алаңы 23,8 млн шаршы метрге дейін жеткізу арқылы жалпы алаңы 16,8 млн шаршы метр жаңа қызмет көрсету объектілерін салу есебінен әлеуметтік саланы іске қосу көзделген.

Аумақты сәулет-жоспарлауды ұйымдастыру

Бас жоспарда қаланың iшкi аумақтарын қарқынды пайдалану арқылы қаланы қала шегiнде одан әрi дамытылмақ. Негізгі сегіз жоспарлау-құрылымдық осі (Қорғалжын, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Ерейментау, Қосшы бағытындағы жол бойы аумақтары) бойындағы бос аумақтарды игеру есебінен қала аумақтық дамытылады. Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты және аз қабатты орындауда жүргізілмек. Көп қабатты құрылыс қаланың орталық бөлігінде, ал ландшафтты-рекреациялық аймақтың «жасыл сыналарына» қарай қабаттар төмендетіліп, 8 құрылымдық ось бойында қалыптастырылады. Құрылымдық осьтердің бойында орталықтан шетке қарай биіктік ауыса отырып құрылыс сатыланады. Бұзылатын өнеркәсіп кәсіпорындары, коммуналдық-қойма объектілері («Целинсельмаш», газ аппаратурасы зауыттары аудандары), қаланың орталық бөлігіндегі көнерген және азқабатты тұрғын үй (ТілендиевСарыарқа даңғылдарыШабал Бейсекова көшесі шекаралары, Асан қайғы көшесі бойы және «Шұбар» «Оңтүстік Шығыс» аз қабатты тұрғын үй шағын аудандары) орнына Бас жоспарда нақты қала құрылысы, жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік бағдарды қамтамасыз ететін биік тұрғын үй салу көзделген.

200px 200px 200px 400px

Аз қабатты құрылыс Ерейментау, Қарағанды, Майбалық, Қосшы, Қорғалжын және Қостанай бағытында орталықтан шетке қарай жоспарлау-құрылымдық осьтер бойында және Көкшетау, Павлодар бағытында К-1 айналма магистралінен қала шекарасына дейін, сондай-ақ басталған құрылысты аяқтауды қажет ететін аз қабатты усадьбалы құрылыс аудандарында дамытылады. Қаланың перспективалы жоспарлау құрылымын қалыптастыру негізі табиғи-экологиялық және көліктік негіз болып табылады. Табиғи-экологиялық негізді Есіл өзенінің алқабы, оның салалары: Ақбұлақ, Сарыбұлақ, қолданыстағы «Жасыл Аймақ» және «Астана орманы» екпелері, сондай-ақ орман пактері ретінде қызмет ететін «Бурабай», «Қарқаралы», «Қорғалжын», «Баянауыл», «Ерейментау» ұлттық табиғи парктердің жалғасы болып табылатын жеке флорасы бар сыналар және қолданыстағы қалалық парктер, скверлер, желекжолдар құрайды.

Жасыл құрылымның барлық жүйесі орталық бөлікте негізгі қоғамдық-тұрғын үй құрылымдарын жалғайтын Айналма желекжолмен байланыстырылады.

Қаланың урбандалған негізінің келесі элементі көлік магистральдар жүйесі болып табылады. Бас жоспарда жаңа меридиональды және кең магистральдар, айналма автомобиль жолдарын, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету желілерін құру, көлiк айрықтарын, өтпежолдар, эстакадаларын және т.б. салу жолымен қаланың көлiк құрылымын дамыту мен жетiлдiріледі. Көше-жол желісін дамыту негізіне қоғамдық көлік үшін басымдығымен бір орталық көше және әртүрлі бағыттағы біржақты қозғалыс үшін екі бүйірдегі көше болатын сегіз жоспарлау-магистральдың бойында қалыптастырылған «үш параллель көше» бірыңғай жүйесін құру принципі алынған. Қала аумағында кешеніне бір шатыр астында автомобильдерге арналған көп деңгейлі паркинг және велосипед пункті бекеті кіретін, жеңіл рельсті жүрдек көлікке қоғамдық автобус маршруттарының бес отырғызу терминалы құрылады. Осы терминалдар арқылы өтетін көшелер елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай баратын өзге де объектілермен бірге жеңіл рельсті жүрдек көліктің өту желісін құрайды. Көліктік инфрақұрылым қолданыстағы көше-жол желісі ескеріліп орындалған. Үздіксіз қозғалыстағы кіші айналма магистраль қаланың орталық бөлігін шеңберлей келе, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдық көшелердің қиылысындағы айырықтар мен эстакадалар арқылы барлық алты жоспарлау ауданын байланыстырады. Қала аумағын сыртқы транзитті ағындардан оқшаулауды К-1 айналма автожолы қамтамасыз етеді. Қаланы одан әрі өсіру қаланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша қоғамдық орталықтар құрылымында полиорталықтықты көздейді. Бас жоспарда ірі көлік тораптарында жоспарлау аудандарының орталықтарын ұйымдастыру көзделеді.

Құрылыс барысы

2011 жылдың соңғы тоқсанындағы қортындысы бойынша Астана қаласының 2030 жылға дейінгі барлық жобасының 30%-і ғана іске асқан немесе барлық қала ареасы 274 милль2 жеткен. 2015 жылы 50%-ы орындалады деп болжануда. Астана құрылысына миллиондаған доллар инвестиция тартылды. 50 миллион долларға Бейбітшілік және келісім сарайы, 30 миллион долларға Астана-Арена стадионы, 300 миллион долларға Хан шатыр мегасаудаорталығы салынды. Астананы салуға Қазақстанның 71 қаласы, 432 құрылыс компаниялары (оның ішінде "BI GROUP", "Қуат", "Базис құрылыс компаниясы") қатысты, 135 зауыт құрылысты материалдармен жабдықтап отырды. Жергілікті фирмалармен бірге қала құрылысына түрік ("Джейлан", "Сембол", "Окан", "Аксель"), корей ("HIGH WILL"), итальян, француз, швейцар компаниялары да үлес қосты. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Астанадағы ауқымы мен шапшаңдығы жағынан бұрын соңды болып көрмеген аса күрделі құрылыс жұмыстары өзімен бірге құрылыс үрдісіне қызмет көрсететін барлық саланы дамытты және Қазақстаннның өндірістік кәсіпорындарын да жандандырды. Құрылыс жүргізу ісіндегі әлемдік озық теория мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып құрылысшылар мен жобалаушыларға барынша жоғары талап қойып, күрделі міндеттер жүктелді. Астана нысандарын жобалауға әлемдік сәулет шеберлерін тарту туралы нұсқау берілді, ал құрылыс жұмыстарына тартылатын мердігерлер әлемнің жетекші құрылыс компанияларының қатысуымен өттетін тендерлердің нәтижелері бойынша анықталды. Мәселенің бұлайша қойылуы жобалау мен құрылыс жүргізудің кеңестік кезеңнен қалған анайы түрінен арылып, бәсекелестік жағдайының қалыптасуына әкелді және әлемдік сәулет-құрылыс стандарттарын пайдалануға, қазіргі қала салу тәжірибесі мен теориясының ең жаңа жетістіктерін еңгізуге мүмкіндік берді.

«Астана қаласының бас жоспары» бойынша Астанадағы Шұбар ықшам аудандағы коттедждер 2030 жылға дейін түгел бұзылып орнында көп қабатты тұрғын үйлер салынбақ. Сондай-ақ қаланың ескі аудандарындағы тұрғын үйлер де ретке келтірілмек.<ref name="Астана: Энциклопедия"> Үлгі:Кітап </ref> <ref name="Expo-2017 Аstana">Үлгі:Cite web</ref> <ref>Үлгі:Cite web</ref>

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы Астана қала құрылысы жоспарын іске асыру мақсатында инвесторларға тартымды жағдай тудыра отырып жобаны жеделдетіп іске асыру мақсатында құрылған экономикалық-территориялық құрылым.

Арнайы экономикалық аймақкапиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.

«Астана – жаңа қала» АЭА құру кезінде ҚР аумағындағы АЭА, сонымен қатар ТМД және алыс шетел елдеріндегі АЭА-дың жұмыс тәжірибесі есепке алынды. «Астана – жаңа қала» АЭА салалық бағыттылығы бойынша құрылыстық болып табылады. «Астана – жаңа қала» АЭА құрудың басты мақсаты – АЭА аумағын игеру және жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау, әкімшілік және әлеуметтік-мәдени маңыздағы бірегей обьектілер құрылысын салу, жабдықталған тұрғын үйлер салу, сонымен бірге Астананың экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана – жаңа қала» АЭА құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастап жоспарланған 238,6 млрд теңге орнына 793,5 млрд теңге шамасында инвестиция тартылды. АЭА обьектілер құрылысына инвестицияларды тартуға құқықтық, яғни кеден және салық жеңілдіктері әсер етеді. АЭА аумағы басында 1 052,6 га құрады, 2005 жылы аумақ 513,7 га кеңейтілді. АЭА барлық аумағы 5440,4 га құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы 2007 жылғы 21 маусымдағы № 352 Жарлығымен ауданы 598,1 га «Индустриалды парк» жұмыс атауымен аумақ қосылды. Оның аумағында өндірістік обьектілер тұрғызу жоспарланған. «Индустриалды паркте» «Nissan» маркасындағы автокөліктер және «Nokian» маркасындағы автошиналар шығарылатыны белгілі болды.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағында жағымды инвестициялық климат жасау мақсатында инвесторларға жеңілдік беретін ерекше құқықтық тәртіп белгіленген:

1. АЭА аумағында құрылыс жүргізу мақсатында тауарлардың айналымы бойынша (жұмыс және қызмет көрсету) ҚҚС босату;

2. Құрылыс барысында толық тұтынатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша нольдік мөлшерлемені пайдалану;

3. Құрылыс обьектілері салынып жатқан жер учаскелерін жер салығынан босату;

4. Ғимарат пен имараттың қалған сомасының мүлігі салық салу обьектісі болып табылмайды.

Одан басқа АЭА аумағы еркін кедендік режимі жүргізілетін аумақ ретінде қарастырылады. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырған кезде импортталатын тауарларға акциз салуды қоспағанда кеден баждары мен салық салынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. «Астана – жаңа қала» АЭА шегіндегі обьектілер құрылысының өзіндік құны инвестор үшін әдеттегі салынып жатқан құрылыстан (жеңілдікті пайдаланбағанда) 14-20% төмен. АЭА аумағында инвесторлар үшін кеден және салық жеңілдігінен басқа да пайда бар. АЭА аумағындағы құрылыстың негізіг мақсаты бюджеттік қаржы есебінен аумақты инженерлік дайындау және инженерлік желілер мен жолдарды салу болып табылады. Осындай бағдарламаны жүзеге асыру АЭА аумағының кешенді құрылысын жүргізуіне көмектеседі, инженерлік желілер, жолдармен және қаланың басқа бөлігімен байланыстыратын қолайлы көлікпен қамтамасыз етеді. Потенциалды инвесторларға инженерлік желілер және жолдар салынған инженерлік аумақтарда жұмыс істейтіндіктен, обьектілер құрылысы үшін қосымша стимул жағдайы жасалған. «Астана – жаңа қала» АЭА аумағы құрылысында алдыңғы қатарлы технологиялар қоданылып және әлемнің жетекші сәулеткерлері авторы болып табылатын бірегей жобалар жүзеге асырылып жатыр.<ref>Үлгі:Cite web </ref>

Қаланың сәулеттік және мәдени-тарихитық мұраларын сақтау

Қазіргі кезде «Астана қ. Мәдениет басқармасы» ММ-сі 47 ескерткішті мәдени-тарихтық мұраларға жатқызған, олардың екеуі республикалық маңызды және 45 ескерткіш жергілікті маңыздылыққы ие.

Бас жоспарда келесі обьектілер мемлекеттің қарауына тапсырылған;

Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-2

  • 1. «Ақ Орда» Әкімшілік ғимараты
  • 2. Хан Шатыр ОССО
  • 3. Дөңгелек алаңдағы Әкімшілік ғимараты,
  • 4. «Пирамида» Әлем бейбітшілігі және келісім сарайы
  • 5. Тәуелсіздік Сарайы
  • 6. Бас алаңдағы Әкімшілік ғимараты,
  • 7. Жабық стадион (30 000 орындық)
  • 8. Әуежай ғимараты,

Үлгі:Col-2

Үлгі:Col-end

Астана құрылыс нысандарының территориялық балансы

Атауы Көлемі (га) Үлесі
Қоғамдық-әлеументтік құрылыстар салу 5 510 7,7%
Тұрғын үй-жайлық құрылыстар салу 7 998 11,26%
Көп пәтерлі құрылыс салу 8 006 11,27
Өндірістік-өнеркәсіптік құрылыстар салу 8 561 12%
Жас көшеттер көпшілік пайдалану

(парктер, саябақтар, бульварлар)

2 619 3,69%
Орман парктер 22 700 32%
Өзендер, суқоймалар 2 764 3,89
Басқа территориялар 15 430 18%
Барлығы 71 000 100%

Жүзеге асқан жобалар

"Астана Медиа Орталық" телерадио кешені

Үлгі:Main

Медиа-орталық кешеннің жалпы аумағы - 75,5 мың шаршы метр. Кешен құрамында аппаратты-студиялық блоктар, көп арналы телетарату блогы, көп арналы радиотарату блогы, 1 000 орындық киноконцерт залы, ұлттық медиа-мұрағаттың аппараттық кешені бар. АМО-ғында барлығы 19 студия, 1000 м2 (10763 фут2) жазу және видео студиялары орналасқан. Кешендегі барлық студиялар 7000 м2, кеңселер 21 000 м2 көлемін алған. Кешен қасбетінде яғни алдында 5 лед (led) экран орнатылған.

Орталықтың негізгі мақсаты - мемлекеттік телеарналардың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай стандарттарға келтіру, медиа-кеңістікті ұлттық медиа-контентпен толтыру, эфирлік сандық телевидение мен радиотаратуға өту, электронды медиа-мұрағатты құру. Биіктігі 102 метрлік 22 қабаттық ғимараттың бірінші қабаты телестудияларға, ал мұнара әкімшілік пен шығармашылық топқа арналған. Алып дәлізде телесериалдар мен телебағдарламалар түсіретін ірі студиялар орналасқан. Отандық телевизиялық орталықта бірнеше телеарналар орналасқан.<ref>Үлгі:Cite web </ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref>

Көлік және коммуникация министрлігі ғимараты

Үлгі:Main

Ғимарат Дөңгелек алаңның жанында орналасқан. биіктігі 155 м. Құрылысын Базис-А корпорациясы (2001-2003) жүргізді. Жобаның бас архитекторы В. Чисеяков. Астанада алғаш кет осы құрылысқа Канадада жасалған күн өтпейтін шыны қолданылды. Ғимарат күн сәулесіне сәт сайын түрлі реңге боялады, алтын жарқылданып, қас қағымда көк-жасыл ажар тауып, іле қоңырқай түске өзгеріп, мың құбылады. Бұл оған жеңілдік сипат береді. Әкімшілік ғимараттың жалпы көлемі — 32 800 м2. Ғимаратта мыңдай адам еңбек етеді.

Оқушылар сарайы

Тәуелсiздiк және Бауыржан Момышұлы даңғылының қиылысында орналасқан төрт қабатты ғимараттың жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді құрайды.<ref>Үлгі:Cite web </ref> Мұнда жасөспірімдерге арналған – жеңіл атлетика алаңы, суда жүзу бассейні, мұз айдыны мен баскетбол алаңы, теннис залдарына бөлінген. Кешендегі жеңіл атлетика залдарының трибуналары 336, мұз айдынының әмбебап залы 384, бассейн залы 144 көрерменге есептелінген. Сарай Санкт-Петербурглық дизайнерлерінің ұсынған жобасы бойынша жүзеге асты. Технологияның жетілген тұсында бой көтерген әлеуметтік кешеннің энерго-ресурстық қамтамасыз ету жүйесінде сапасы жоғары технологиялар қондырылған. Басқару тетігі бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылып отырады. Кешендегі тағы бір басты ерекшелік Қазақстанда тұңғыш рет электржабдықтау қуатының жарты бөлігі жаңармалы энергия көздеріне, яғни күн батареялары мен жел генераторларына тартылған. Оқушылар сарайына жылу жүйесі екі әдіс бойынша қамтамасыз етілген. Ғимараттың жартысы қаланың орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылса, екінші жартысы жартылай жылу сорғыш қондырғының көмегімен іске асырылады.

Жастардың мәдени сауаттылықтарын жетілдіру үшін орталықта арнайы студиялармен қатар, театр, хор, оркестр, би мен балет, драма үйірмелері жұмыс істейді. Ғимараттың ішіне әсем көрік беретін сахна, көрме залдарымен қатар, асхана мен медицина орталықтары да орналасқан және 170 орындық планетарий жұмыс істейді. Бұнда 3 Д технологиясын қолдану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көрсетуге болады. Сарайда ашылған 40 үйірмеге бір мезгілде 3880 бала қатыса алады.

8,3 га аумақты алып жатқан әлеуметтік кешен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының тапсырысы бойынша құрылысын Базис құрылыс компаниясы 11 айдың ішінде аяқтап, 2011 жылың аяғында Қазақстан тәелсіздігінің 20 жылдығына орай қолданысқа берілді.<ref>Үлгі:Cite web </ref>

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешені

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этнографиялық кешені» МККК 2002 жылы 8-қыркүйекте президент Н. Назарбаев бастамасымен ашылды.

Бүкіл Қазақстанның шағын бейнесі 1,7 га алаңда көрсетілген. Картада 14 облыс пен республикалық дәрежедегі Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Мұнда табиғи-климаттық, аймақтар мен ландшафтардың, сәулет пен қала құрылысы ансамбльдерінің барлық сан алуандығы көрсетілген.<ref>Астана жолсілтеме Алматы: "Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2008, 200 бет (Үлгі:Ref-kzҮлгі:Ref-enҮлгі:Ref-ru) ISBN 9965-24-969-5</ref>

Сулы-жасыл бульвар

Астананың әкімшілік орталығының негізгі осінде жаяу жүргінші көпірі немесе қалалықтарға «сулы-нулы бульвар» атауымен белгілі көпір орналасқан, ол Астананың бас жоспарының авторы Курокаваның туындысы.

Көпір – елорда орталығы композициясының негізгі элементтерінің бірі. Сәулетшілердің ойы бойынша, ол қасындағы құрылыстардың барлығын біріктіреді. Сәулетшілер қала жерін ұтымды пайдалану мақсатынан туындаған үш деңгейді қарастырған. Төменгі деңгей автотұрақтарға берілген, мұнда 400 автомобиль сыяды. Құрылыстың екінші қабатында пассаж орналасқан: екі жарықты галерея айналасында көрме залдары, дүкендер мен кеңселер шоғырландырылған. Үшінші деңгей – бұл көгалдандырылған және сәнді ағаштармен, кіші сәулеттік формалармен, субұрқақтармен безендірілген жаяу жүргіншілер көшесі.

Мөлдір конус пішіндес күмбездер жарықтың төменнен жоғары қарай ғимаратты жарып өтуіне мүмкіндік береді. Баспалдақтармен байланыстырылған осы атриумдарда жасанды бақтар орналасқан, ал екінші қабат деңгейінде маңындағы құрылыстармен жабық галерея арқылы жалғасады.

"Думан" ойын-сауық орталығы

Елорданың сол жағалауында океанариумы бар «Думан» орталығы салынған. 3D кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар кафелер желісі, сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар.<ref name="Expo-2017 Аstana"/>

Әзірет Сұлтан мешіті

Үлгі:Main

Сурет:Hazret Sultan Mosque1.jpg
Хазірет Сұлтан мешіті

Құрылысы 2009 жылдың 31-маусымында басталған. 2012 жылы 6-шілдеде (Астана күні), қасиетті жұ­ма күні мешітінің ашылу салтанаты болды. Мешіт Тәуелсіздік Сарайының солтүстік жағында Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан. Мешіт жобасын Президент Н. Назарбаев республикалық сәулет конкурсына ұсынылған 26 жұмыс ішінен таңдап алған. Мешіт сәулеттік келбеті мен безендірілуі шығыстық та, орта азиялық та стилде емес, негіз­гі классикалық қалыпты сақтай отырып қазақ­стан­дық ерекше жаңа стилде жасалған. Мешітке қазақтың көп салалы, бай ою-өрнектері көптеп қолданылған. Басқа елдерде жоқ ерекшелігі - оюдың фоны мен өрнектің өзі үйлесімді оқы­лады. Көп қырлы ұлттық ою-өрнектер қазіргі заман талабына сай ғимараттың ішкі көрінісіне, қолданылған рельеф тәсіліне, алтынмен әшекей­леуге бағындыра отырып жүзеге асырылған. Орталық мешітке бір уақытта 5 мыңнан астам адам сыя алады. Жоба класси­калық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті (сәндік) элементтер қосындысы ретінде құрастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы 17,7 мың шаршы метр, ал жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды. Ғимараттың соңғы қорытынды аккордтарын ортасынан есептегенде тең қашықтықта орналасқан төрт мұнара (биіктігі 77 метр) толық­тырып тұр.<ref>Үлгі:Cite web</ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref>

«Хайвилл Астана» тұрғын үй кешені

Оның алты блогының біреуі 2007 жылғы қазанда пайдалануға берілді. «Саналы ой» принципі бойынша жобаланған жаңа ғимарат ыңғайлы саябақтың ортасына орналасты. Мұнда демалыс аймақтары да, балалар алаңқайлары да бар. Пәтердің 16 түрі бар. Тұрғындар алдын-ала классикалық, шығыстық, модерн және т.б. өздеріне ұнаған түрін таңдай алады. Жиһаз кіріктірілген. Дәстүрлі ванна мен душтан өзге, джакузи мен монша да кездеседі. Шаң сору жүйесі қабырғаларға орнатылған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жоспардағы жобалар

Астана қаласының макеті Тәуелсіздік Сарайының үшінші қабатында орналастырылған (ауданы 8883 шаршы метр). Макетті корейлік «Модел Парк» компаниясы жасаған. Макеттің масштабы 1: 600. Макеттегі ғимараттардың материалдары пластик және шыныдан тұрады.<ref>Үлгі:Cite web </ref> Одан басқа, Конгресс-Холл сарайына Астананың болашақ жобасы бейнеленген макет ілінген. Онымен кез келген тұрғын таныса алады. Жобада көп нәрсе қамтылған<ref> Үлгі:Cite web </ref>

Жабық қала кешені

Жабық тұрғын үй кешенінің орасан зор күмбезінің астында толық инфрақұрылымы бар бүтін бір шағынаудан орналасады. Жыл мезгілінің кез-келген уақытында бұл жерде тұрақты ауа температурасы сақталады. Жоба 10 мың тұрғынға есептелген. Жабық шар секілді дөңгелектің астында екі шақырымды алатын бұл қаланың барлық нысандары метро сияқты бір-бірімен жалғастырылмақ. Кешен орталығында балабақша, мектеп, аурухана, кеңсе, сауда орталығы, аквапарк, ойын-сауық кешені, спорт сарайы, SPA-салондары және кинотеатр орналасады. Жыл бойы жаз болып тұратын қалашықта жасанды жағажайы бар хауыз айналасына экзотикалық пальмалар отырғызылмақ. Шұғыл континентальді суық ауа райына төтеп беретін жоба, Лондонның «Мыңжылдық күмбезін» артта қалдырады деп күтілуде.

500px Үлгі:Сызықпен көрсету2 Үлгі:Сызықпен көрсету2

Жабылған қаланың жоғарғы жағынан қарағандағы көрінісі, ұшып бара жатқан құстың бейнесі қазақтың ұлттық ою-өрнегін еске түсіреді. Сәулетшілер басты назарды қаланың экологиялық тазалығына әрі сейсмикалық қауіпсіздігіне аударған. Қаланың күмбезі өте берік, төзімді, жылу өткізбейтін текслоннан жасалса, қала төбесінің бес пайызы ғана ашық қалтырылады. Экологиялық таза қала аталуы себебі, мұндағы көліктердің барлығы электр зарядымен жүретін болады. Жаяу жүргіншілер мен арнайы велосипед жолдарында халыққа такси қызметі қызмет көрсетпек.

Бас жоспарда жабық қалаға көршілес шағын аудан «Венеция» деп аталады екен. Қалашықтағы ғимараттар арасына жасанды су арналары тартылып, ескекті қайықтар қатынайды.<ref>Үлгі:Cite web </ref>

Мыңжылдық аллеясы

Мыңжылдық аллеясы көне Бозақ қаласының орынынан Жаңа қалаға қарай тарих даңғылы тартылып, университет қалашығына барып тіреледі. Даңғыл экспланада түрінде тарихи кезеңдерді бейнелейтін көріністерге толы болады.<ref name="Елорда сәулеті"/>

Халықаралық әуежай

2030 жылға дейін күніне 1200 адам жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жалпы аумағы 1000 шаршы метр тағы бір халықаралық әуежай салынады. Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта орналасады. Оның құрылысы Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды не Қарағанды тас жолында орналасқан Аршалы аймағында бой көтереді. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істеуге көшетін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады. Бұған қоса біреуі жүк, екіншісі жолаушыларға арналған екі сапаржай ашылады. Бірі өнеркәсіп аймағында, екіншісі Мүсірепов көшесінде орналаспақ. Жер үсті метросын салу жобасының бірінші кезеңі 2014 жылы дайын болады. Онда халық теміржол вокзалынан әуежайға оңай жету мүмкіндігіне ие болмақ.<ref>Үлгі:Cite web</ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref>

«Слалом-үйі» жобасы

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде әзірге жоқ үй салынады. Жоба ерекшелігі төбесінде шаңғы тебетін трассасы болады. Бұл тұрғын үй мен шаңғы кешені бір-бірімен араласпайды функционалдық жағынан бөлек. «Слалом үйі» деп аталатын жобаға сәйкес, Ас­та­на­да биік тұрғын үй кешенін салу жос­пар­лан­ған. Оның төбесінде айналма шаң­ғы тебу трассасы ашылмақ. Бұл үйдің тұр­ғын­дары 75 метр биіктікке арнайы лифті­мен тез арада көтеріледі. Сөйтіп, бірнеше минут­тің ішін­де слалом трассасының басына шы­ға­ды. Он­дағы шаңғы трассасы­ның ұз­ын­ды­ғы – 350 метр, ені 24-26 метр екі жағы 4-5 метр биіктікте қоршалады, ұзындығы жер көлеміне байланысты бір шақырымға дейін созуға мүмкіндік бар. Қауіпсіздік талаптары толық сақталады.

Жоба авторы Шохай Матайбеков, сәулетші (архитектор) Астанада таудың жоқтығына байланысты шаң­ғы тебетін кешені жоқ. «Слалом үйі» осы мәселені шешетін болады. Оның негізгі идеясы – кәдімгідей тұр­ғын үй­дің төбесінде шаңғы тебу трасса­сын ашу. Ондай жоба эконо­микалық жағы­нан тиімді. Үйдің бағасы көп қым­бат­та­майды. Баспананың бір шаршы метрінің құнына тек шаңғы тебу трас­са­сын жаб­дықтауға және лифті­лерді ор­натуға кететін шығындар ғана қосы­лады. Жо­баға қы­зығушылық танытқан Мемлекет бас­шысы аталған құрылыстың қыр-сырын зерттеп, барлық құрылыс-техни­ка­лық мә­се­лелерін жақ-жақты саралап шығуды, трассасының жа­бық үлгісін және оның қауіпсіздігін тағы бір мәрте сараптап, жобаның эко­но­ми­калық тиімділігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырды.<ref>Үлгі:Cite web </ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref>

Жасыл аймақ қала айналасын көгалдандыру жобасы

Мемлекет басшысының бас­та­масымен “Жасыл аймақ” мем­лекеттік кәсіпорны құрылып, Астана айналасын яғни қала орталығынан 60 км радиус шеңберіндегі аумағын көгалдандыру жобасы. Қаланы Арқаның аңызақ желі мен сұрапыл дауылдарынан қорғау үшін жыл сайын 5 мың гектар жерге ағаш отырғызылып, жасыл белдеу жасалынды. 1997 жылдан бастап Астана төңіре­гіндегі 55 мың га жерге ор­ман егілді. Олар­дың 16 584 гектарына 9,6 миллионға тарта ағаш, 1,9 миллион тал-ші­лік пен бұта отырғызылған.<ref>Үлгі:Cite web </ref> 10 жыл ішінде бой көтерген ағаштар орманға айналды. Орманда флора мен қатар фаунасын қалыптастыру процессі қатар жүргізілуде. Алдағы уақытта Астана орманы Бурабай өңі­рін­дегі қалың табиғи орманмен қосылуы керек. Сонымен бірге, қаланың ішін көгалдандыру, әрбір құ­ры­лыс алаңын жасыл желекті баққа айналдыру жұмыстары да кең көлемде жүзеге асырылуда. 20132022 жылдар аралығында 6042 гектарға жуық жарамды ор­ман аумағында төрт жобалау-тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 4317 гектарына 6 243 405 екпе көшет отырғызылса, ал 1725 га жерге шөп егілмек.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Абу-Даби Плаза

Үлгі:Main

«Абу-Даби Плаза» (Үлгі:Lang-en) — Қазақстанның елордасы Астана қаласында салынып жатқан көп функционалды кешен.

Ғимараттың құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталып және 2015 жылдың маусым айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс біткеннен кейін «Абу-Даби Плаза» Қазақстанда және Орта Азияда ең биік ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі - 382 метр, ал қабаттар саны - 88 (биіктігі жөнінен әлемдегі 14- ғимарат болады деп күтілуде).

Кешеннің ішкі аумағы 280 000 шаршы метрді құрайды, ал «Абу-Даби Плаза»-ның жалпы аумағы 510 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде: қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, қысқы бақ орналасады.

Негізгі сипаттама

Абу-Даби Плаза урбанистік кешенді ағылшын Норман Фостердің командасы жобалаған. Хай-тек үлгісіндегі архитектураның әлем таныған лидері саналатын британдық сәулетшісі, Астанада бұдан баcқа пирамида пішінді Бейбітшілік және келісім сарайы, «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда кешені туындыларының авторы. «Абу Даби Плаза» - «қала ішіндегі қалаға» айналмақ.

Оның орталық нысаны - биіктігі 388 метр (88 қабат) болатын мұнара-ғимарат, ал соның айналасында біріккен тағы бірнеше ғимарат бой көтереді. Салыстырмалы түрде Астананың тұтас бір «Самал» шағынауданының аумағына тең болмақ. Жоба құрылымына кешен аумағында өзінің төл шығыс базары кіреді.

Көпмұнаралы «Абу Даби Плаза» кешенінде екі қонақүй және жалпы аумағы 80 мың шаршы метрді құрайтын әлемдік стандарттағы кеңселік-офистік орын-жайлар, сондай-ақ сауда орындарының галереясы және 450 «бизнес» сыныпты пәтерлер мен «люкс» сыныпты - қызмет көрсетілетін апартаменттер мен 4100 орындық автотұрақ жоспарланған.

Ресми дерекде, «Абу Даби Плаза» өзегіне ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктері өрілгелі отыр және де ол дүниежүзінің озық елдерінде танымал бола бастаған «экодизайнның» әлемдік үлгісіне де айналуы мүмкін: ғимараттардың төбесінде, күмбездер астында қысқы бақтар егіледі деп жобаланған, ал бүкіл инфрақұрылымды автономды түрде электрмен қамтуға күн қуаты пайдаланылады деп күтілуде, бұл үшін күн батареялары орнатылмақшы.

Қала аудандарымен байланысы

Болашақта «Абу Даби Плазаны» монорельстік жол арқылы Астананың басты әуе және темір жол «қақпаларымен» қосу жоспарлануда. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жеңіл рельсті көлік желісін салу 3 кезеңтен тұрады:

1-кезек — «Абу Даби Плаза» кешенінен Сығанақ көшесінің бойымен Қабанбай батыр даңғылын қиылысына шығып, ары қарай осы даңғылдың бойымен «Астана - Киевка» автожолының 9-шақырым қиылысына дейін жетіп, одан әрі «Астана» халықаралық әуежайына апармақ. Осы бағыт бойында барлығы 8 станция болады.

2-кезек — темір жол вокзалынан бастау алып, Біржан сал, Затаевич және Потанин көшелерінің бойымен Сарыарқа даңғылына шығады да, одан соң Тұран даңғылы, Сығанақ көшесі арқылы «Абу Даби Плаза» кешеніне қарай бұрылады. Оның бойында 7 аялдама бой көтереді деп күтілуде.

3-кезек те темір жол вокзалынан Гете көшесінің бойымен Республика даңғылының бұрылысына дейін келіп, ары қарай Бөгенбай батыр даңғылымен, Уәлиханов және Кенесары көшелерінің бойымен, Абылай хан және Б. Момышұлы даңғылдарымен, Тәуелсіздік және Сарайшық, №19 көшелерінің бойымен Сығанақ көшесінің бұрылысынан «Абу Даби Плаза» кешеніне тоқтайды.

17 шақырымдық бұл жолда 13 аялдама болады. Жолдың жалпы ұзындығы 41,81 шақырым болатындығы хабарланған. Бұл көліктік жобаны 2014-жылға қарай іске қосу жоспарлануда. Осы мақсатта бас қала әкімдігі арнайы маманданған компанияны - «Астана LRT» ЖШС-ін құрды, жеңіл рельсті трамвайды жолға қоюға міндеттеді. Бірінші кезек аясында франциялық Альстом компаниясы шығаратын жүрдек трамвайларды (пойыз) қолдану жоспарлануда. Әуежай мен «Абу Даби Плаза» арасында 12 пойыз (Жылдамдығы сағатына 70 шақырым) қатынайды деп күтілуде (соңғы жоспар бойынша тағы 37 пойыз сатып алу көзделген). Әр пойыздың сыйымдылығы - 258 адам. Стансаларда жолаушыларды пойыздардан автоматты жіберу жүйесі бөліп тұрады.

Демеушіліктер

Астанадағы «ең амбициозды мега-жоба» мемлекет тарапынан қуатты қолдау көріп отыр. 2011 жылы Үкімет ел экономикасына инвестиция тарту үшін арнайы ынталандыру-стимулдар пакетін әзірлеген. Бұл ретте салалық бағдарламада олардың үш пакеті қарастырылған. Осы арнайы стимулдардың үшінші пакеті - стратегиялық-инвестициялық жобаларға арналмақ. Пакетте әртүрлі салықтар мен төлемдерді төлеуден босату, жобаны тең қаржыландыру, шетелдік жұмыс күшін әкелудің айрықша режимі, айрықша визалық режим, сондай-ақ ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс сынды қолдаудың ерекше шараларын қарастырылған. Жобаны іске асыру үшін инвесторлар жалпы құны 2 миллиард долларға жуық инвестиция құюы мүмкін. Ал осы мол инвестициясына айырбас ретінде арабтар орасан зор преференцияларға қол жеткізді. Ынталандыру-стимулдар пакеті бойынша құрылыс уақытында корпоративтік табыс салығы, мүлік және жер салығы сынды төлемдерден құтылатын болады.

2006 жылдың ақпанында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми іс-сапармен барып қайтты. Президенттің осы сапары аясында сол тұстағы Үкімет басшысының орынбасары Кәрім Мәсімов пен Абу Дабидың мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаян Қазақстан - БАӘ ынтымақтастығының іс-қимылдар жоспарына» қол қойған. Сол құжаттың бір бабыда Астанада Абу Даби атын иеленетін заңғар кешен тұрғызуды бекіткен. Жобаны Әмірліктердің құрылыс саласындағы озық компанияларының бірі «Aldar Propertіes» қолға алды.

«Абу Даби Плаза» - Қазақ елі мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әсер етуде. Жобаның құрылысы 2011 жылдың басында басталды. Астанада 2011 ж наурыз айында «Абу Даби Плаза» кешенін салу туралы жаңа келісімге қол қойылды. Қазақстандық тараптан құжатты Үкімет уәкіл еткен Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, ал Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан - БАӘ Үкіметі уәкілдік берген, «Алдар Евро Азия» компаниясының директоры Роджер Гаундри бекітті. Нысан «төлқұжатына» сәйкес, құрылысы 2015 жылдың маусымында аяқталуға тиіс. Бірақ оны мердігерлер мерзімінен бұрын 2014 жылдың желтоқсанында бітіруі мүмкін.

«Абу Даби Плаза» құрылысының І және ІІ жұмыс кезеңдерінің мердігері - Түркиялық Земин Текноложиси А.Ш. (Зеташ) компаниясының Земин Текноложиси Улусларарасы филиалы (Zemіn Teknolojіsі Uluslararasі A. S.) танылған. Жер астындағы қабырға жұмыстары аяқталған. «Жер ішіндегі қабырға» жоғары технологиялы әдісінің өзектілігі артқан. Бұл технология үлкен тереңдікте ғимараттың конструкциясын құруға мүмкіндік беретін көрінеді. «Жер ішіндегі қабырға» тек терең котловандардың қоршауы ғана емес, сондай-ақ бір уақытта ғимараттың іргетас-фундаменті және қабырғасы қызметін атқара алады. Бұл әдіс күрделі гидрогеологиялық жағдайларда да қолданылады, сонда «суды төмендету», «қатыру» құрылғыларының қажеттілігі болмайды және бұл әдісте «бұрғыинъекциялық жер қыртысы анкерлері» де жасалады екен. Сонда қабырғаның беріктігі мен орнықтылығы артады.

Бұл үшін жерастына тереңдетіп, жалпы саны 860 тірек-свай ендіріледі. Олардың әрқайсысының жалпақтығы, яғни диаметрі - 1,20 метрден 1,50 метрге дейін. Бұлардың барлығы қағылатын емес, құйылмалы свайлар. Алдымен жер бұрғыланып, қажетті диаметрде қазылады, сосын онда арматурадан каркас жасалып, тоқылып, соған бетон құйылады. Құрылсқа қазақстандық өнімдер пайдаланылады.

Құрылыста 30-ға жуық жергілікті жұмысшылар жұмыс істеуде. Мұның сыртында Түркиядан 70 қызметкер тартылыпты. Құрылыс алаңында 3 бұрғылау машинасы, 2 қуатты кран, көптеген жүк көліктері және басқа да техникалық құралдар жұмыс жасауда.<ref>Үлгі:Cite web </ref>

Қазақстан тарихы мұражайы

Нысан: «Астана қаласындағы «Қазақстан тарихы мұражайы»

Орналасуы, Есіл ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, Ж. Нәжімеденов және Ш. Қалдаяқов көшелері арасында:

  • Телім ауданы: 9,908 га
  • Мұражайдың қабаты: 2 қабаттан 9 қабатқа дейін
  • Құрылыстың жалпы ауданы: 62300 м2
  • Экспозиция ауданы: 14095,0 м2
  • Қор қоймасының ауданы: 5470,0 м2
  • Зертхана және қалпына келтіру шеберханасының ауданы: 2595,4 м2
  • Ғылыми-әкімшілік және қызметтік жайлар ауданы: 8981,0 м2
  • Ашық автотұрақтар: 482 орындық
  • Мейрамхана: 250 орындық
  • Акт залы: 300 орындық
  • Кітапхана: 138 орындық
  • Тапсырыс беруші: «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС
  • Мердігер: «Turkuaz Construction» ЖШС
  • Жобалаушы: «Базис Проект LTD» ЖШС

Серіктестікпен «Базис-Проект LTD» ЖШС-мен объектінің ЖЭҚ және ЖСҚ дайындау үшін а.ж. 20 қазанында № 421-21 шарты жасалды 2010 жылғы 23 қарашада ЖЭҚ жобасы «Мемсараптама» РМК сараптама жасалу және дұрыс қорытындысын алу үшін тапсырылды, 2010 жылғы желтоқсанда мемсараптаманың ЖЭҚ-ға қорытындысы алынды. 2011 жылғы 10 ақпанда «Turkuaz Construction» ЖШС-мен объектінің құрылысы туралы шарт жасалды.<ref>Үлгі:Cite web </ref>

Астана сәулеті

Сурет:Central Downtown Astana pamorama.jpg
Есіл жағасындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының панорамасы

Бас жоспарға байланысты қаулылар

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер

Тағы қараңыз

Үлгі:Commons category Үлгі:Портал

Үлгі:Таңдаулы мақала