Асар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асар - қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық экзогамиялық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді, асарға шақырушы адам оларға жақсы ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде «үме» деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал туған.

Оңтүстік өңірде «асаршы» мен «мердігерші» атаулары бір мағынада айтыла береді. Жұмысқа қатысушылардың жас шамасы да, күш қуаты тұрғысынан жұмысқа жарамдылығы да ескерілді. Мысалы, Шу бойы қазақтарында дәстүр бойынша қоғамдық қарекетке қатысатын ер адам жасы 16 жастан төмен, 60 жастан жоғары болмаған. Өйткені асарға қатысушы әрбір адам арық бойында жатқан суармалы алқаптан жер алуға қақысы бар. Ал жерді қауымның еңбекке жарамды адамы алу тиіс. 1888 жылы көктемде Бөтімбай Сәтінің тоғанында жұысты он бес күнде аяқтаған 28 адамның арқайсысына ені 33 сажын, ұзындығы 66 сажын жер берілген. Егер отбасының отағасы қайтыс болса, онда жер үлкен ұлына немесе жесіріне тиісті болған. Олар маусым аралығында жүргізілетін арықты жөндеу, тазалау секілді жұмыстарға қатысуға міндетті болған. Тіпті қауым мүшесі басқа жаққа кетсе де, өз тоғанының бойында жатқан жерге иелігін сақтап қалды.

Дәстүрлі көшпелі ортада қой қырқымды ұйымдастыру, қыстаулардағы үйлерді салу мен мал жайланатын орындарды тұрғызу сияқты біршама уақыт пен күш-қайратты қажет ететін шараларды атқаруға екі-үш ұрпақтан тұратын «бір ата» деп аталатын (орыс деректерінде Үлгі:Lang-ru немесе Үлгі:Lang-ru) шама-шарқы жетпегендіктен, көрші ауылдың адамдары асарға шақырылды. Аталмыш және осы құралыптас ауқымды шараларды бірлесе атқару көшпелі ортадағы әлеуметтік қатынастардың нығаюының үлкен кепілі болды. Яғни ру-қауымның тіршілік кеңістігінде асардың қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудегі орны мен рөлі айырықша болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}