Арқа ажары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арқа ажарыАқмола облысы әкімшілігі мен облыс мәслихатының газеті.


1928 жылғы қазанда Ақмола қаласында шыққан “Жаңа арқа” газетінің ізбасары. Газет 1930 ж. қыркүйегіне дейін аптасына екі рет, Ақмоланың округтік партия, атқару к-ттері мен кәсіпшілер одағының органы ретінде жарық көрді. “Жаңа арқа” 1930 ж. қазанында 76-нөмірінен бастап аудандық газет болды. 1933 ж. “Колхоз екпіндісі” деп аталды. Ақмола Қарағандыдан бөлініп, өз алдына облыс болған кезде (1939 ж.), газет “Сталин туы” деген атпен шығарылды. КОКП 20-съезінен кейін (1956 ж.) “Есіл правдасы” деп өзгертілді. 1962 — 64 ж.ж. “Тың өлкесі”, өлкелер таратылғаннан кейін “Коммунизм нұры” деген атпен шыға бастады. Ол 1991 ж-дың 1 ақпанынан “Арқа ажары” деп аталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}