Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2015 ж. қарашаның 12 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры — Қостанай облысы Арқалаық қаласында орналасқан театр. Театр директоры Мұқатова Отаркүл Оразбаевна.

Театр 2001 жылы 2001 жылдың 19 қантарында №13 Арқалық қаласы Әкімінің шешімімен құрылған. 2001 жылдан 2008 жылға дейін театр және әртістер бірнеше рет номинацияларда марапаттар алған, Астана қаласының "Алақай жазғы демалыс", Петропавл қаласының "Айман-Шолпан» (комедия), Қостанай қаласының "Мұңлық - Зарлық" (драма), Көкшетау қаласының "Күнә" (драма) Республикалық театрлар фестивалдеріне қатысты. Спектакльдерді құру және шығаруға Қазақстан Республикасының кәсіби қоюшы режиссерлерін шақырылған: Ж.Хаджиев, Д.Жанботаев, Ж.Есенбеков, С.Қарабалин, Т.Ракишева, Г.Арынов. Тәжірибемен алмасуға Қарағанды драма театры, И.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай облыстық орыс қуыршақтар театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыка және драма театры келген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Штат саны 55 адамды құрайды. Шығармашылық қызметкерлер – 24, әкімшілік персонал – 5, шығармашылық персонал – 5, техникалық персонал – 21. Отыратын орындар – 320. Жалпы алаңы - 6390 шаршы метр<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер