Арқалан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дәл бұл жерде тек Абай өлеңінде бір рет қана кездесетін «арқалан» сөзінің төркіні туралы сөз қозғағалы отырмыз. Кез келген қазақ баласы жатқа білетін Абайдың —

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан,

— деген өлеңіндегі «арқалан» сөзінің, сырт көзге, мағынасы әркімге де акық, түсінікті сияқты. Осы күндері баспадан шыққан түсіндірме сөздіктерімізде де, бұл сөздің түсінігіне келгенде, жұртқа мәлім мағынадан аса алмаған. 1959—1961 жылдары шыққан екі томдықта Абай өлеңіндегі «арқалан» сөзіне «біреуге сену, сүйену» деп түсінік берілсе, «Абай тілі сөздігінде» (1968):

Арқалану — өз күшіне сену, масаттану, мақтану.

Ал 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» бірінші томында (1974):

Аркалан — арқа сүйеу, сену.

Абай осы өлеңінің соңында:

«Мақтанды іздеп, кайғы алма...» десе, «арқалан» сөзі дәл бұл жерде «масаттан, мақтан» мағынасы орнына қолданылып отыр деуге ауыз бармайды. Міне, осындай пікір таласы үстінде ертедегі түркі жазба ескерткіштері дерегінің пайдасын қолма-қол көреміз. Өткен дәуірдегі түркі тілдерінде «арқаланның» біз білетін мағынасымен қоса екінші ұғымы да болған. Ол — ізден, іздену: «біліг чіндә ерсә сіз арқаң»«даналық Қытайда десе де, сіз іздеңіз». Сөйтіп, Абай «арқаланының» мағынасы «ізден» дегенге нұсқайды. Егер өлең желісін ой таразысына салсақ та, елегінен өткізсек те, өз пікірімізге, көңіліміз кәміл сене түседі. Өйткені «ізденбей», тек «мақтану, масаттанумен» жүрген өнерпаз дүние «кетігін тауып, кірпіш болып қалана қоюы» екіталай. Бұл жерде біз жазба ескерткіштегі бір сөзді тауып алып, ойымызға арашашы болсын деген ниетпен, жармасудан аулақпыз. «Арқа» сөзінің «ізде» мағынасы қазіргі кездегі тофа, тува, алтай іспеттес түркі тілдерінде сақталғандығымен де дәлелдейміз.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}