Арқабай Майкөтұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мағына Арқабай Майкөтұлы (1872, қазіргі Жамбыл облысы Байзақ ауданы Фрунзе а. — 1934) — ақын, жырау. Әкесі әйгілі айтыс ақыны Майкөт Сандыбайұлы. Қаратау, Жетісу өлкелерін, қырғыз елін аралап, Сауытбек, Қылышбай, Ұлбике ақындармен айтысқан. Қырғыз манабы Шабданның асында Жамбылмен, Кененмен, қырғыз Қалмырза, Жәмила ақындармен кездесіп, жыр бәсекесіне түскен. “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Көрұғлы”, “Нәрік батыр”, “Өтеген батыр” сияқты эпостық шығармаларды жырлап, қобыз, сырнай, домбыра аспаптарымен айтатын әншілік өнері де болған.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}